Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жастар саясаты

11 қараша 2016

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы ақпарат

 

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Қазақстан Республикасы Ұлттық министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2015 жылдың басында Қазақстан Республикасында жастар (14-29 жас) саны 4 206,3 мың адамды құрады.

Жастардың қамтылу көрсеткіштері (ресми статистикалық мәліметтер бойынша).

Еңбекпен қамтылған жастар: 2,1 млн.адам (2016 жылғы 2 тоқсан)

Жұмыссыз жастар: 95, 6 мың адам (2016 жылғы 2 тоқсан)

Жастар жұмыссыздығының деңгейі: 4,2% (2016 жылғы 2 тоқсан), 2015 жылы екінші тоқсанда - 4,5%.

NEET жастар үлесі 9,3% (2016 жылғы 2 тоқсан), 2015 жылғы екінші тоқсанда 8,5%.

Мемлекеттік жастар саясатының институционалды дамуы

2012 жылдан бастап барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өңірлік жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармалар ашылды.

Алайда, 2016 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жастар саясатын іске асыру жөніндегі мәселелер Ішкі саясат басқармаларының қарауында.

Жастарға атаулы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жастар ресурстық орталықтарының желісі кеңейтілді. Бүгінгі күні республика бойынша барлық жастардың ресурстық орталықтарының саны 198-ге (Қызылорда қаласында 1 ЖРО, бірақ қалаларда және облыстарда 9 бөлім, қалада 2 бөлім ауданда 7 бөлім) жетті. Өңірлік жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің штаттық саны 1716 адамды құрайды.

Өңірлік жастар ісі жөніндегі кеңестерінің қызметі күшейтілді. Барлық деңгейдегі әкімдер аталған кеңестерді өздері басқарады.

Кәсіпорындарда, ЖОО және колледждерде Жастар ісі комитеттері жұмыс жасайды (барлығы: 984, жоо 118, колледждерде 697, кәсіпорындарда - 169).

Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың асырудың 100 нақты қадамы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 983 қаулысымен Қазақстан 2020: болашаққа жол мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (екінші кезең, 2016 - 2020 жылдар) қабылданды.

Тұжырымдаманың екінші кезеңінің мақсаты жастарды табысты әлеуметтеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыруды аяқтау, олардың әлеуетін еліміздің одан әрі дамуына бағыттау болып табылады.

2015 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің № 135-ө Өкімімен 2015 2016 жылдарға арналған Ұрпақ+ мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алғаш рет 2016 жылы Республикалық жастар форумы өткізіледі.

Қаржыландырылу

2016 жылғы қаржыландыру көлемі 530,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 55,6 млн. теңге бөлінген (жалпы 12 жоба, оның ішінде МӘТ 10 жоба).

2015 жылы 995,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 200,5 млн. теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеіберінде. 2015 жылы бөлінген қаржы аясында 34 әлеуметтік жоба іске асырылса, оның ішінде 16 жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылды.

Жасыл ел, Жастардың кадрлық резерві, Жастар - Отанға!, Ұлттық Делфи ойындары, Жайдарман КТК және т.б. жобаларды іске асыру жалғасуда.

Жастарды корпусын дамыту жобасын іске асыру бойынша Дүниежүзілік банкпен Келісімді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, жастардың осал топтарын қоса алғанда 8,5 мыңдай жастар, сондай-ақ 100-ге жуық жастар ұйымдары жобаны іске асыруға тартылатын болады.

Аталған Келісімнің мақсаты жастардың, әсіресе отбасы аз қамтылған, жұмыссыз, мүгедек және басқа да әлеуметтік тұрғыдағы осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту болып табылады.

Жобаны ауыл жастарының ең жоғары үлесі және номиналды деңгейі осал өңірлерінде іске асыру жоспарлануда. Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары осы жобаны іске асыратын пилоттық өңірлер ретінде іріктеліп алынды.

Министрліктің жанынан Жобаны басқару бойынша топ құрылды. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банкпен Үйлестіру агенттігіне үміткер ұйымның құжаттарын қарастыруда.

Жұмыспен қамту

Жасыл ел жастардың еңбек жасақтарының қызметі

2016 жылы 442, 9 млн.теңге сомасындағы келісімге қол қойылды, 2 айға жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен, қамтылуы 12 000 адамнан кем емес жастардың еңбек жасақтарын қалыптастыру жоспарланған.

2016 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға республика бойынша 17829 сарбаз шықты.

ҚР ДСӘДМ 2016 жылғы 1 қазандағы мәліметі бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасы аясында 66 788 жастар мемлекеттік қолдау алды. Жұмысқа орналасқан адам саны 65 705. Бірінші бағыт шеңберінде инфрақұрылым объектілеріне 4343 адам жұмысқа орналасты, екінші бағыт бойынша 589 адам кәсіпкелік негізі бойынша білім алды, 1309 адам адам шағын кредит алды, олардың ішінде 435 адам өз ішін ашты. Үшінші бағыт шеңберінде 4277 адам кәсіптік білім алумен қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 5193 адам, жастар практикасы бойынша 14057 адам жұмысқа орналасты.

ҚР ҰЭМ мәліметі бойынша 2016 жылы Дипломмен ауылға! жобасы аясында республикалық бюджеттен тұрғын үй алуға және құрылыс салуға 2725 маманға 8 669,6 млн. теңге бюджеттік несие бөлінді. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2435 маманға 7322,0 млн. теңге бөлінді.

2016 жылғы Жастарды дамытудың жаhандық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 183 мемлекеттің ішінен 61 орынды иеленеді. Қазақстан жастарды жұмыспен қамту, саяси және азаматтық қатысу белгілері бойынша Түркияны (62 орын), Ресейді (110), Қытайды (118) басып озады.

.