Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Дін саласы

20 сәуір 2017

Қазақстандағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.

Қазіргі таңда Қазақстанның конфессиялық кеңістігінде қоғамның діни қажеттіліктеріне сәйкес келетін 18 конфессияны құрайтын құқықтық рәсімделген 3679 діни субъект қызмет атқарады.

Олардың ішінде мұсылмандық діни субъектілер басым көпшілікті құрайды – 2570. Православие шіркеуінің 333 діни бірлестігі, ал Рим-католик шіркеуінің 85 діни қауымы бар. Қазақстанның конфессиялық кеңістігіндегі протестанттық қауымдастықтардың саны 600-ден астам.

Бұлардан бөлек елімізде 7 иудейлік, 2 буддистік және 18 дәстүрлі емес («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаи», «Мун шіркеуі») діни бірлестіктер қызмет атқарады.

Есепті кезеңде 495 миссионер тіркелген. Сан жағынан  миссионерлердің басым көпшілігі елімізде Католик шіркеуінің өкілдері (238). Православие өкілдері 87 миссионерді құрайды.

Республика азаматтарының 81%-ы өздерін дінге сенушілер қатарына жатқызса, 19%-ы атеистер мен агностиктер қатарына жатқызады. Дінге сенушілердің ішінде тек 14%-ы өздерін діндарлар деп санайтын болса, шамамен 70%-ы өздерін орташа сенушілер деп есептейді.

Жылдан жылға дін саласындағы құқық бұзушылықтардың санының азаюы байқалып келеді. 2013 жылы 282 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, 2014 жылы – 153, 2015 жылы – 120, ал 2016 жылы 119 факт анықталды.

Қазақстан Республикасының діни бірлестіктері (20.04.2017 ж. жағдайы бойынша)

Конфессиялар Діни субъектілер саны
1 Ислам 2570
2 Православие 333
3 Елуіншілер шіркеулері 219
4 Інжілдік христиан-баптистер 181
5 Пресвитериандық шіркеуі 106
6 Католиктіктер 85
7 Ехоба куәгерлері 60
8 Жетінші күн адвентистері 42
9 Новоапостол шіркеуі 26
10 Інжілдік-лютеран шіркеуі 14
11 Методистер 13
12 Кришнаиттер 8
13 Иудаизм 7
14 Бахаи 6
15 Меннониттер 4
16 Буддизм 2
17 Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері (мормондар) шіркеуі 2
18 Муниттер 1
  БАРЛЫҒЫ 3679
.