Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

11 қараша 2016

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің басшысы Игорь Бариновпен кездесуі болып өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің басшысы Игорь Бариновпен кездесуі болып өтті.

Кездесу кезінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы баяндап берді.

Өз кезегінде Игорь Баринов министрді Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің қызметімен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігі қызметтерінің өзара қызығушылық туғызатын бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.

.