Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

26 қыркүйек 2016

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің Астана және Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің Архиепископы Томаш Пэтамен кездесуі өтті

2016 жылғы 26 қыркүйекте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің Астана және Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің Архиепископы Томаш Пэтамен кездесуі өтті.

 

Іс-шара аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қатынас, конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін нығайту, Қазақстандағы діни қызмет субъектілері арасындағы ішкі диалогты кеңейту мәселелерін талқылады.

        Кездесу барысында Н.Ермекбаев елімізде қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді және заң үстемдігін нығайтуға бірлесіп күш-жігер жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

        Өз кезегінде Томаш Пэта дін қызметкерлері Қазақстанда рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыратынына сендірді.

        Кездесу соңында тараптар Қазақстаннын әрі қарай өркендеуі үшін Министрлік пен Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

 

.