Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

22 қараша 2016

2016 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Израильдің бұрынғы Бас прокуроры Йехуда Вайнштейнмен кездесуі болып өтті.

 

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев министрліктің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған қызметі туралы баяндап берді.

Кездесуге қатысушылар мемлекет-діниаралық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Иудаизм, ислам, христиандық Израильдің 3 негізгі діндері болып саналады.

Йехуда Вайнштейн Қазақстанның мемлекеттік құрылысының зайырлық моделі табысты және тиімді деп атап өтті, сондай-ақ әр мемлекет, оның ішінде дамыған батыс демократиялары, діндер және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы оның ерекшелігін ескеретін өзінің заңдарын қабылдайды және де қабылдауы тиіс деп ерекше атап өтті.

.