Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

07 желтоқсан 2016

2016 жылғы 7 желтоқсанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстандағы және Тәжікстандағы Апостолдық нунций Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесуі өтті.

Кездесу аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар және діни бірлестіктер қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

Министр Апостолдық нунциатураның бейбітсүйгіштік пен төзімділікті сақтауға қолдау көрсетуін, Қазақстан католиктерінің өрлеу мен гүлденуге, біртұтастық пен ауызбіршілікке ұмтылысын қолдаудағы рөлін атап өтті.

Кездесу барысында Н. Ермекбаев қазіргі уақытта Қазақстанда  Римдік-католиктік шіркеудің 84 діни бірлестігі қызмет атқарып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша мемлекетпен өзара конструктивті қарым-қатынас орнатқандығын айтты.

Өз кезегінде Нунций Ватикан мен Қазақстан арасында дінаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестікті дамыту, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға қажетті күш-жігерін салатындықтарына сендірді.

дірді.

.