Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

07 желтоқсан 2016

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Түрік Республикасына іссапармен барды.

2016 жылғы 6-7 желтоқсан аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Түрік Республикасына іссапармен барып, онда Түрік Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасының басшысы Мехмет Гөрмез мырза мен Қорлар істері жөніндегі бас директоратының жетекшісі Аднан Ертем мырзамен кездесті. 

Келіссөздер барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің  өзара әрекеттестігі, діни бірлестіктер мен қорлардың қызметін реттеу жөніндегі мәселелері талқыланып, діни экстремизм және бүлдіргіш идеяларының таралуына жол бермеу тақырыбы бойынша пікір алысу орын алды. Сондай-ақ діни саладағы ынтымақтастықты жалғастыру жайлы, оның ішінде қазақстандық имамдардың Түркияның жетекші теологиялық оқу орындарында біліктіліктерін арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

 Сонымен қатар, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын елдегі діни ахуалды зерттеу мен болжамдаумен айналысатын «TEPAV» атты Экономикалық саясатты зерттеу қорының жұмысымен танысып, дін саласындағы күрделі зерттеулер жүргізу мен қатар ислам дінінің ханафи мәзһабын белсенді ілгерілететін  "ISAM" Ислам зерттеулерінің орталығына барып қайтты.

Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Түрік Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасына қарасты "ISAM" Ислам зерттеулерінің орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

.