Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

25 қантар 2017

2017 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Италияның Қазақстандағы Елшісі Стефан Раваньянмен кездесуі өтті. 

Оның барысында тараптар Министрліктің құзіретіне кіретін салалар бойынша екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың мүмкіншілігі туралы пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев итальяндық дипломатты ведомство қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, әртүрлі этникалық топтар мен діндер өкілдерінің бейбітшілігі мен келісімін қамтамасыз етіп отырған Қазақстанның табысты тәжірибесі, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін шақыру жөніндегі бастамалары туралы айтып өтті.

С. Раваньян көпұлтты елдің бейбіт өмірі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуде Қазақстанның жүргізіп жатқан ішкі саясатына жоғары баға берді. Сондай-ақ, ол еліміздегі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті орнату бойынша тиімді моделіне, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Тараптар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікке негізделген достық қарым-қатынасты және ынтымақтастықты одан әрі дамытудың қажеттілігін атап өтті.

.