Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

07 сәуір 2017

2017 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Марокконың Қазақстандағы Елшісі Әбделжалил Собриді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар дін саласындағы қазақстандық-марокколық қарым-қатынастарды орнату, соның ішінде дінаралық диалогты ғаламдық деңгейде дамыту жолдарын талқылады.

Б.Арын елшіні Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстанның тәжірибесімен, сондай-ақ дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жөніндегі Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Осы ретте вице-министр Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметі туралы әңгімелеп, 6-шы отырысы келесі жылда өтетін хабарлады және Марокко тарапының осы жаһандық форумға ең жоғары деңгейде қатысатындығына сенім білдірді.

Марокко дипломаты өз Корольдігінің маңызды стратегиялық мәнге ие және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қызмет ететін Қазақстанның халықаралық бастамаларына жоғары баға берді.

Сондай-ақ, тараптар діни экстремизмнің алдын алу тәжірибесімен алмасу үшін екі елдің уәкілетті органдары арасындағы өзара 
іс-қимылды жолға қою жөніндегі ортақ мүдделігін танытты.

Айта кетерлік жайт, 5-ші Съезге марокколық тараптан Марокко билеушісінің арнайы өкілі – Ислам және уақыфтар істері министрі Ахмед Тауфик қатысты. Ол Король Мұхаммад VI құттықтау сөзін оқып, «Мешіт имамдарының діни және саяси рөлі» атты тақырыпта баяндама жасады. 

.