Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Халықаралық ынтымақтастық

30 мамыр 2017

2017 жылы 30 мамырда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес бойынша «Хедая» халықаралық орталығының атқарушы директоры Максуд Крузбен кездесті.

 

Кездесу барысында қатысушылар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде терроризмге қарсы профилактикалық жұмысты күшейту бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар Қазақстанда «Хедая» орталығының аймақтық офисін ашу мәселелерін талқылады.Аймақтық офисті ашу эксперттер арасындағы байланысты орнату арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Офис іс-әрекетінің басты бағыттарының бірі болып ақпаратпен алмасу және жаһандық антитеррористік коалициямен байланыс орнату болып табылады.

Зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес бойынша «Хедая» халықаралық орталығының атқарушы директоры Максуд Крузэкстремизм мен терроризмге қарсы күресте жұмысты үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

«Хедая» халықаралық орталығы («Орта жол») Біріккен Араб Әмірліктерінің бастамасымен 2012 жылдың желтоқсанында құрылды. Ұйымның негізгі міндеті зорлық-зомбылықтық экстремизм мен терроризмге қарсы қолдау көрсету мен аталған бағытта үздік сарапшылық зерттеулерді тарату болып табылады. 

 

.