Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы (әрі қарай – Орталық) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезіндегі көтерген бастамаларын жүзеге асыруға қатысты шара жоспарына сәйкес құрылған.Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 785 қаулысына сәйкес ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитеті аясында бастады.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 2010 жылдың наурыз айынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы қаулысына сәйкес ҚР Мәдениет министрлігінің Дін істері комитеті қарамағына берілді.

Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаев 2011 жылдың 18 мамырында «Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi туралы» жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетiнен Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiн бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға бұйырды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң мәселелерi» № 888 қаулысына сәйкес, Орталық Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнің құрамына берiлді.

«Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысына және «Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы № 1440 Қаулысына сәйкес қайта аталды.

Орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталығы ретіндегі рөлін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ету. Бұл конфессияаралық келісім мен халық бірлігін нығайту жөніндегі біздің еліміздің тәжірибесін халықаралық дәрежеде танытуға мүмкіндік береді.

Орталық аталған жоспарды орындау мақсатында төмендегі міндеттерді жүзеге асыруда:

- мәдениет және дін саласында қоғамдық қатынастарды үндестіру жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу және оны қолдану;

- ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

- ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар тұрғысынан қазақстандық патриотизмді нығайту;

- халықтың рухани сауатын ашуға қатысты және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және оларды өткізу.

Орталық жақын және алыс шетелдік әріптестермен байланыстарды кеңейтуде. Әлемнің көптеген елдерінің осындай балама орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы еліміздің ішінде, атап айтар болсақ, діни бірлестіктермен, ғылыми зерттеу және талдау орталықтарымен, жетекші жоғары оқу орындарымен, этномәдени орталықтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен жемісті серіктестік орнату үстінде.

Орталық құрылған сәтінен бастап, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің барлық бастамаларын жүзеге асыру ісіне белсенді түрде кірісіп кетті.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V съезін дайындау және өткізу жұмыстарына тікелей қатысты.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы саяси және діни көшбасшылардың прогрессивті бастамаларын жүзеге асыру арқылы барлық өркениетті әлем алдында тәуелсіз Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалог аумағына айналған толерантты мемлекет ретіндегі рөлінің жаңа деңгейге көтерілуіне белсенді ықпал етеді.

Орталықты философия ғылымдарының докторы, профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы басқарды.

1960 жылы дүниеге келген. Философия ғылымдарының докторы (1997 ж.), профессор (2002 ж.). «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы.

1982 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді, тарих оқытушысы;

1982-1984 жж. – Жетісай ауданындағы орта мектептің тарих оқытушысы;

1984-1985 жж. – Сырдария педагогикалық институтының тарих оқытушысы;

1985-1986 жж. – Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу ұлттық шаруашылық инситутының тәлімгер-зерттеушісі;

1986-1990 жж. - Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу ұлттық шаруашылық инситутының аспиранты;

1991-1994 жж. – Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті;

1994-1997 жж. – ХҚТУ проректоры;

1998-2002 жж. – ХҚТУ Түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры;

2002-2004 жж. – ХҚТУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы;

2004-2005 жж. – ХҚТУ оқыту жұмысы бойынша проректоры;

2005-2008 жж. – Астана қ. ҰҚК ҒЗИ бас ғылыми қызметкері;

2008-2014 жж. – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры;

2014 жылдан бері – «Қазақстан дінтанушыларының конгресі» ҚБ төрағасы;

2014-2016 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі;

2016 жылдан бері – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану кафедрасының профессоры;

2016 ж. 2 желтоқсаннан бері – ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры;

2010-2014 жж. – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бастамаларын ілгерілету жөніндегі уәкіл (ҚР Президентінің Әкімшілігі 2010 ж.). Съезд Хатшылығының мүшесі. Әлемдік діндердің 4 съезін өткізуге белсене қатысқан.

Қазақ, орыс, түрік тілдерін біледі.

Қазақстанда, АҚШ-та, Түркияда, Ресейде, Польшада, Қытайда және т.б. 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Діни экстремизм мәселелерін зерттеумен айналысады. 5 монографияның, ҚР БҒМ бекіткен «Дінтану негіздері» оқулығының авторы. «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы» (1997 ж.), «Қазақстандағы діндер» кітаптарының авторы. Анкара және Варшава университеттерінде, ММУ-де, ҚазҰУ-де, ЕҰУ-де дәріс оқыған. Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСК мүшесі. Ресейде, АҚШ-та, Малайзияда, Швейцарияда, Үндістанда, Түркияда ғылыми форумдарға қатысқан.

Үйленген, үш баласы бар.

Байланыс: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 57. Телефон: 42-18-61. Электронды мекенжай: mckr8@mail.ru

.