Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Комитет төрағалары

Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы

Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы

Дін істері комитетінің төрағасы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2016 жылдың 3 қарашадағы  №1 бұйрығымен  Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1977 жылы 1 қазанда дүниеге келді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2000), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2004), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2005).

  • 2000 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқутышысы.
  • 2001-2002 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы.
  • 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы.
  • 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің саяси жоспарлау секторының бас сарапшысы.
  • 2006-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси жұмысы секторының меңгерушісі. Сонымен қатар, өзінің негізгі жұмысымен қатар 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің хатшы қызметін қоса атқарды.
  • 2009-2012 жж. – «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2012-2014 жж – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары.
  • 2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы.

Мемлекеттік және қоғамдық марапттарға ие.



Ғалымова Әлия Қайратқызы

Ғалымова Әлия Қайратқызы

Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрағасы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 17 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Туған күні, айы, жылы: 18.07.1970 ж

Туған жері: ҚазКСР; Павлодар қаласы

Меңгерген тілдері:қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар:

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетіі (1987-1992)

Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы

Тарих ғылымдарының кандидаты. Доцент.

Диссертацияның атауы: Солтүстік Қазақстанның қазіргі  заманғы ауылдық отбасы (көне әлеуметтану зерттеулері) (2000)

Еңбек өтілі:

  • Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде тарих пәні мұғалімі (1992-1995);
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих пәні мұғалімі (1995-2000);
  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің тарих пәні мұғалімі (2000-2003);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі, бас сарапшысы (2003-2008);
  • Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары (2008-2010);
  • Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2010-2012);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы (2012-2015);
  • Нұр Отан партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының Кеңесшісі (2016 ж. бастап)

Сайлау лауазымдары, депутаттық қызметі:

Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің V шақырылымының депутаты

Отбасы жағдайы: Тұрмыс құрған. Екі баланың анасы



.