Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баяндамалар, сөйлеген сөздері

07 ақпан 2014

Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингтегі ҚР Агенттігінің Төрағасы Марат Әзілхановтың ҚР ДІА қызметінің негізгі бағыттары туралы сөйлейтін сөзі (Астана қаласы, 7 ақпандағы 2014 жыл)

Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингтегі ҚР Агенттігінің Төрағасы Марат Әзілхановтың ҚР ДІА қызметінің негізгі бағыттары туралы сөйлейтін сөзі (Астана қаласы, 7 ақпандағы 2014 жыл)

Агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы және Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы

2014 жылға арналған міндеттері туралы

Қазіргі уақытта дін саласындағы Мемлекеттік саясат Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында, сондай-ақ «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған шеңберде қалыптасуда.

Осынау стратегиялық құжаттарда еліміздің Президенті Үкімет алдына Қазақстанның перспективалық дамуы мен қоғам өмірінің барлық салалары бойынша нақты тапсырмалар қойғаны өздеріңізге мәлім.

Аталған құжаттарда еліміздің діни саласындағы қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер де ескерілгенін атап өткен жөн. Осыған орай, Мемлекет басшысының Стратегиясы шеңберіндегі Агенттік алдында тұрған басты мақсат – Қазақстанның 2050-ші жылға дейінгі дамуының ауқымды жоспарына сай келетін зайырлы мемлекет пен қоғам жағдайындағы рухани ортаны орнату міндеті тұр.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі 2011 жылы құрылып, бүгінгі күнде қоғамдағы конфессияаралық келісімді қаматамасыз ету, діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу, сонымен қатар салааралық үйлестіру және дін мәселелеріне қатысты басқа да функциялар бойынша мемлекеттің уәкілетті органы болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Агенттіктің 2013 жылы өзінің басты функцияларын іске асыру бюойынша атқарған қызметінің негізгі нәтижелеріне тоқтала кеткім келеді.

Бірінші. Агенттікпен өзіне жүктелген діни ахуалды талдау және бақылауда ұстау функциясы шеңберінде өткен жылы еліміздегі діни жағдайдың тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

Қазіргі Қазақстанда адамдар арасында діни негіздегі қақтығыстар мен араздықтар жоқ. Осының жарқын көрінісі ретінде елімізде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы, сонымен қатар әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара қатынастар дәйекті формада дамуда.

2013 жылы жүргізілген бірқатар әлеуметтанулық сауалнамалар қорытындысы көрсетіп отырғандай, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 90 пайызға жуығы еліміздегі діни ахуалды қалыпты деп бағалаған. Дінаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттің саясатын азаматтардың 86 пайызы қолдап отыр.

Біздің ойымызша, осы көрсеткіштер діни саладағы мемлекет тарапынан қабылданып және іске асырылып отырған шаралардың пәрменділігін көрсетіп отыр, ал бұл, өз кезегінде, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, қоғамда кең қолдау табуының дәлелі деп айтар едім.

Екінші. Агенттікпен Қазақстанның дін саласындағы өзекті мәселелері бойынша көпжоспарлы және ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Агенттіктің ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуімен құрамында мемлекеттік органдардың мамандары, дінтанушылар, теологтар мен имамдар бар 500-ден астам ақпараттық топтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Тұрғындардың діни сауатын арттыру, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар 1 млн. 300 мыңнан астам адамды қамтыды.

Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша БАҚ-тарда 7 мыңнан астам жарияланымдар жарық көрді.

Агенттікпен өткен жылы дін саласындағы өзекті тақырыптар бойынша өңірлерде 9 республикалық және 4 халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Олардың қатарында «Таблиғи Жамағат – елге жат ағым», «Жастар және дін», «Ислам терроризмге қарсы», «Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі», «Ислам және жихадизм», «Діни білім беру және ағарту діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу факторы ретінде», «Матуриди ақидасы – Әбу Ханифа ілімінің жалғасы», «Дін және патриотизм», «Діни ғұрыптар және қазақтың салт-дәстүрлері» конференциялар бар.

Барлық өткізілген конференциялар БАҚ-тарда кеңінен көрініс тауып, олардың қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылардың діни радикализм мен экстремизмді айыптайтын, дәстүрлі дініміз бен мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіретін Үндеулер жарияланып отырды.

Әйелдер аудиториясымен жұмыс жүргізу шеңберінде 7 өңірде «Әйел және дін» жобасы іске асырылып, соның аясында көптеген семинар-тренингтер, кездесулер мен дәрістер өткізілді. Осы жоба аясында өңірлердегі жоғары оқу орындары базасында қыз балаларды ұлттық дәстүрлерге баулу және тәрбиелеу мақсатын көздейтін «Қыз Жібек» клубтары ашылды.

Агенттік және оған қарасты ғылыми орталықтар 2013 жылы сараптамалық-талдау және әдістемелік сипаттағы қосымша 5 ірі шара өткізді. Атап айтқанда, «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының III форумы және сарапшылар мен ірі үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

Іс-шаралар атауынан көрініп отырғандай, шаралар діни саладағы ең өзекті мәселелерге арналды және қоғамда оң пікірлер туғызды.

Дін мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарына баса назар аударылды.

Осы мақсатта діни тақырыптарды БАҚ-тарда жариялау жөніндегі Әдістемелік кеңес жұмыс атқаруда. БАҚ-тарды тұрғындармен өткізетін жұмысқа кеңінен тарту мақсатында дін тақырыптарын жарыққа шығарумен айналысатын арнайы журналистер пулы құрылды

Қазақстан дінтанушылары Конгресі де өз жұмысын жандандыра отырып, дінтану сараптамасын жүргізуге белсенді атсалысуда.

Агенттік жанынан Діни ахуалды зерттеу жөнінде кеңес беру-сарапшылық кеңес және Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, дін мәселелері бойынша мамандандырылған Үкіметтік емес ұйымдар пулы жасақталды.

 Үшінші. Діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу шеңберінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптары кезең-кезеңмен іске асырылуда.

Есепті кезеңде Заңның толық орындалуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді 15 актілер, соның ішінде 7 Үкімет қаулысы және 8 Агенттік бұйрығы қабылданды. Оларда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттары бойынша қызмет көрсету нұсқаулықтары, стандарттары мен регламенттері бекітілген.

Жалпы, бүгінгі күнде діни қызмет саласындағы барлық процедуралар мен ережелер тәртіпке келтірілді. Атап айтар болсақ, діни ғибадат үйлері мен ғимараттардың құрылысын жүргізу, діни ғибадат үйлерінен тыс орындарда діни жоралар өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру, діни әдебиеттерді тарататын стационарлық орындарды белгілеудің нақты стандарттары бекітілді.        Яғни, осы желіде ой тарқатар болсақ, бүгінгі күнде елімізде 507 мінәжатханалар мен намазханалар бар болса, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған 235 арнайы стационарлық орындар белгіленгенді.

Дінтану сараптамасын жүргізу тәртіпке келтірілді. Өткен жылы Агенттіктен 2200-ден астам ақпараттық материалдар сараптамадан өтіп, сарапшылар олардың ішіндегі 125 материалдың мазмұнында деструктивті идеялардың бар екенін анықтады.

2013 жылы қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктерді тарату үдерісі аяқталды. Бұл ретте тіркелмеген діни бірлестіктер қызметіне жол берілген жоқ.

Өткен жылы діни қызметпен айналысатын барлық субъектілердің Заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Заң нормаларын бұзғандығы үшін 282 әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 199 адам айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Оның ішінде діни әдебиеттерді белгіленген орыннан тыс жерлерде таратқаны үшін 78 адам, тіркелмеген діни бірлестіктер қызметіне қатысқаны үшін 70 адам, заңсыз миссионерлік қызметі үшін 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы ретте, Агенттіктің елімізде тіркеліп, қызмет атқарып отырған барлық конфессиялардың өкілдерімен тығыз өзара қатынаста жұмыс атқарып отырғанын айта кеткім келеді. Олардың дені дін саласындағы мемлекет тарапынан іске асырылып отырған шараларға қолдау білдіреді.       

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Агенттік пен Діни басқарма арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды осының жарқын мысалы деп айтар едім.

Төртінші. Дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бағытында Агенттік «Қазақстан Республикасындағы 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» іске асыруға белсенді қатысуда.

Осы ретте, Агенттіктің негізгі күші діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, қоғамда толерантты діни сананы және азаматттардың бойында радикалдық идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитетті қалыптастыруға жұмылдырылып отыр.

Осы бағытта Агенттік өзге мемлекеттік органдармен бірлесе отырып мынадай шаралар қабылдады:

біріншіден, Таблиғи жамағат ұйымы экстремистік деп танылып, оның еліміздегі қызметіне тыйым салынды;

екіншіден, тұрғындардың діни сауатын арттыру және радикалды идеяларға қарсы түсіндіру жүргізу мақсатында ақпараттық-ағартушылық Е-islam ғаламтор ресурсы құрылды;

үшіншіден, азаматтардан дін мәселелері жөнінде ақпараттар қабылдау және кеңес беру орталығы құрылды. Орталық базасында тәулік бойы және тегін жұмыс істейтін «Қауырт желі - 114» ұйымдастырылды;

төртіншіден, жергілікті әкімдіктердің қызметінің пәрменділігін арттыру мақсатында өңірлердегі дін істері басқармалары жанынан Дін мәселелерін зерттеу орталықтары құрылуда;

бесіншіден, ғаламтор-ресурстары арқылы экстремизм идеяларын насихаттауға қарсы жұмыс жалғасуда. Өткен жылы 2000-нан астам сайттардың мазмұнына талдау жасалып, оның ішінде 106 сайт және 46 бейнематериал бойынша теріс сараптама қорытындысы тыйым салу үшін прокуратура органдарына жолданды.

алтыншыдан, Агенттікпен әкімдіктердің және діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша қызмет атқарып отырған ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарын кешенді әдістемелік қамтамасыз ету іске асырылды.

Бесінші. Агенттікпен мемлекеттің дін саласындағы саясатына қатысты мәселелер бойынша мемлекетаралық және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен тұрақты және ашық сұхбат орнатылды.

Ағымдағы жылғы қаңтар айында Агенттік тарапынан елімізде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жай-күйі туралы» толыққанды Баяндама әзірленіп, ол еліміздің Сыртқы істер министрлігімен Біріккен Ұлттар Ұйымына жолданды.

Агенттік одан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Түркия Республикасы мен Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құрметті брифингке қатысушылар!

Біз 2014 жылы келесідей маңызды бағыттарда жұмыстарды жалғастырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Біріншіден, мемлекеміздің зайырлы қағидаттарын және қоғамымыздың ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттау бойынша сапалы ақпараттық жұмыстарды іске асыру;

Екіншіден, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу;

Үшіншіден, қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;

Төртіншіден, үкіметтік емес сектормен тұрғындармен жұмыстар жүргізу бойынша ынтымақтастықты жетілдіре түсу;

Бесіншіден, бірқатар халықаралық және республикалық маңызға ие шараларды өткізу.

Тұтастай алар болсақ, бұлар Агенттіктің 2014 жылғы жұмыстарының негізгі бағыттары болып табылады.

Назарларыңызға рахмет!

.