Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баяндамалар, сөйлеген сөздері

21 сәуір 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы сөйлеген сөзі (Астана қаласы, 21 сәуір  2017 жыл)

Құрметті қонақтар!

Қадірлі әріптестер!

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамымыздың сан салаларында халыққа аянбай қызмет көрсетіп, елдің болашағына нағыз жанашырлық танытып жүрген азаматтар бүгін осы залда отыр деп үлкен мақтанышпен айта аламын.

Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмайды», - деген нақыл сөз бар. Елбасының жетекшілігімен елімізде бейбітшілік, келісім, тұрақтылық, даму сияқты құндылықтар туын тіккен.

Себебі, біздің жасампаздық қызметіміздің бағыты - ол қоғамымызда адами құндылықтар салтанатын құру, әрбір қазақстандықтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.

Мемлекетімізді бекем, халқымызды дәулетті, бәсекелестікке қабілетті ету.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамымыздың рухани жаңғыруы еліміздің саяси және экономикалық жаңғыруының өзегіне айналуы керек деген.

Халықта «Ес түзелмей, ел түзелмейді» деген даналық бар. Сондықтан, Елбасы қойған міндеттер аясында, біздер де ойды өрге сүйрейтін салиқалы пікір алмасуы үшін алқалы отырысқа жиналып отырмыз.  

Қоғамымыздың қай саласында болмасын, осындай рухани ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда, зиялы қауым өкілдерінің, сарапшылар қауымының рөлі орасан зор.

Бұның бәрі жыл басынан бері қалыптасқан ынтымаққа негізделген жұмыс қарқынының нәтижесі.

Бүгінгі таңда Министрлік - дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты салаларында тиімді жұмыс жасау үшін жағдай қалыптастыру процесстерін үйлестіретін уәкілетті орган қызметін атқаруда.    

Негізгі жұмыстарды азаматтық қоғам институттары орындауда. Бұндай бірлескен жұмыстар өте ұтымды нәтижелер беруде.  Біз құқықтық базамызды жетілдірудеміз. Жастардың жаңа, тың әлеуметтік жобаларына қозғау салудамыз.

Бүгінгі кеңейтілген алқа отырысы да сол бұрын қалыптасқан пікір-алмасу алаңдарымыздың жалғасы. Осы жерде біз бірлескен жоспарлар мен іс-шараларымызды жасақтаймыз.

Сондықтан, қызу пікір-алмасу, қоғамның әртүрлі топтарының ойлары, ұсыныстары біздер үшін маңызды.

Сол пікір-ой, ұсыныстар негізінде Министрлік Елбасының мақаласында қойылған міндеттерді шешу жоспарларын әзірлейтін болады. 

Құрметті алқа қатысушылары!

Президент "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында мемлекет пен қоғам дамуының жаңа ауқымды міндеттерін белгілеп берді.

Жолдауды іске асыру үшін Үкімет жаңа бағдарламалар мен жоспарлар әзірледі.

Үшінші жаңғыру барысында адами капиталдың рөлін көтеруге үлкен мағына берілуде.

Білімділік, жоғары рухани мәдениеттілік, ашықтық, елімізді дәулетті және қуатты етуге ұмтылу - экономиканың, бизнестің және технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Жолдаудағы бұл идеялар Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалғасын тапты.

Елбасы жаңғыру процесстерінің негізін ұлт бірлігі, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің дамуы сияқты құндылықтар құрайтының атап өтті.

Осы тұжырымдар негізінде Министрлік өз жұмысын жолға қойған.

Ұлт көшбасшысының қойған міндеттері шеңберінде Министрліктің қызмет бағыттары бойынша жүйелі шаралар атқарылуда.

І.Жаңғыртудың жаңа кезеңіндегі Министрлік басымдықтарының бірі - ол мемлекет пен дін арасындағы ынтымақтастықтың қазақстандық моделін қалыптастыру.

Елбасы мақаласында «...рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», - деді.

Бұл дегеніміз тіршілік барысында консерватизм мен қатып қалған догмалардан алшақ болу керектігін меңзейді.

Қазақстан халқының мемлекет және дін арақатынасының өзіндік моделін қалыптастыруға құқы бар.

Біздің модель ұлттық дәстүрлерге, замануи шынайылыққа, діни қағидалардың тек мейірімділік, адамгершілік сияқты құндылықтарына негізделуі абзал.

Жаңа модельді әзірлеу арқылы дін саласындағы заңнаманың жүйелі түрде жетілдіру барысында қамтамасыз етіледі.

Оның негізін «Қазақстан Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналаған тұжырымдамасы» қалайды.

Бұл құжатты өткен жылы үлкен сарапшылар тобымен әзірледік. Ол қоғамда дәстүрлі рухани құндылықтарға, эволюциялық дамуға, зайырлы мемлекет қағидаларына негізделген прагматикалық мәдениетті, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздейді.

Тұжырымдама діни консерватизмге, экстремизмге қарсы қоғамның иммунитетін нығайтатын нақты шаралар ұсынады.

Тұжырымдама жобасы қоғамдық талқылаудан және мемлекеттік органдармен келісуден өтті. Жуырда оны біз Үкіметке енгіземіз.

Сонымен қатар, «Кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленіп жатыр.

Заң жобасының негізгі нормалары қатарында - діни қызметке балаларды заңсыз тартқан үшін және дін саласындағы заңнамаларды бұзған үшін жауапкершіліктің артуы.

Сонымен бірге, діни әдебиетті тарату және діни сараптама жүргізу тәжірибесін жетілдіру ұсынылады.

Шетелде діни білім алу, миссионерлік қызметті реттеу жөнінде нормаларда қарастырылған.

Бұл бастамалардың барлығын қоғамдықұйым өкілдері және сарапшылар ұсынды.

Қазіргітаңда талқылау процесстеріжалғасуда. Біз қоғамның әртүрлі топтарынан толық және объективті пікір алуға және оларды құжаттарда көрсетуге ашықпыз.

Заң жобасын жыл аяғына дейінаяқтаймыз деп жоспарлаудамыз.

ІІ.Елбасы өзінің мақаласындажаңғыртудың нәтижелі болуы біздің көпконфессиялы және көпэтносты қоғамымызда тұрақтылықтың сақталуына байланысты екеніне тағыда назар аударды.

«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деген тезис біздің басты басымдықтарымыздың бірімен үндеседі.

Қазақстанда билік органдары жамағаттардың сезімдеріне құрметпен қарайды. Біз барлық діни бірлестіктердің кедергісіз жұмысына қажетті жағдай жасаймыз.

Мемлекет діни канондық, теориялық мәселелерге араласпайды.

Дегенмен, біз зайырлы мемлекетпіз, сондықтан, мемлекетіміздің заң талаптарын сақтау –қоғам өмірінің басты сұранысы.

Қазақстанның қағидалары құқықтық шеңберде әрекет ететін барлық діндердің мұраларын құрметтеуге негізделген.

Сондықтан, зайырлы мемлекет – көпконфессионалы ортада тұрақтылықты сақтаудың бірегей жолы.

Уважаемые участникик коллегии!

Со всеми конфессиями мы выстроили широкий формат сотрудничества и открытый диалог.

Подписаны соглашения и меморандумы о взаимодействии.

Министерство – постоянный участник всех значимых мероприятий, проводимых религиозными организациями.

Например, два дня назад прошел Форум имамов Казахстана, в ходе которого мы продуктивно отработали целый ряд актуальных вопросов.

При Министерстве действует Экспертный Совет по вопросам религий и Собрание руководителей религиозных объединений. Ежегодно проводится Форум религиоведов.

Эффективной площадкой для международного продвижения нашего опыта стал секретариат Съезда мировых и традиционных религий. Заседаниеочередного XVI-го Секретариата Съезда пройдет в мае.

Постоянными участниками этих диалоговых площадок выступают представители 12 конфессий, правозащитники и эксперты.

Мы вместе разрабатываем подходы к политике в религиозной сфере, обсуждаем направления сотрудничества.

III. Жолдауда Президент Діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.

Бұған деген көзқарасын ол мақалада келесі тезиспен тұжырымдады: «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек».

Біздің Министрлік үшін жұмыстың бұл бағыты аса маңызға ие.

Бүгінде дінді деструктивті мақсатта пайдаланудың жолын кесуге көпсалалы жұмыстар жүргізілуде.

Біріншіден,БАҚ-та Үкіметтің деструктивті діни ағымдарға, оның ішінде салафизмге теріс көзқарасы ресми түрде мәлімделді.

Қоғамымызда бұл әрекет үлкен қолдау тапты.

Әлеуметтік сауалнамалар қазақстандықтардың 85 пайызы деструктивті идеяларға төзбеушілік танытатынын көрсетті.

Екіншіден,астыртын діни материалдардың таратылуына бақылаужолға қойылды.

Құқықбұзушылық контенттегі сайттар анықталып, оларға тыйым салынуда.

Кітап және баспа өнімдеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі кітапханалық қорларға, сараптама жасалуда.

Үшіншіден, тәуекел топтармен және радикалдық көзқарастағы тұлғалармен жұмыс жүйесіжолға қойылды.

Бұл жұмыс азаматтарды нысаналы түрде оңалтуды, жеке психологиялық және құқықтық қолдауды, теологиялық қайтасендіруді көздейді.

Жолдауда бұл жұмысқа үкіметтік емес секторды тарту керек екені айтылған.

Бүгінде ҮЕҰ-мен қарым-қатынасжүйелі негізде жүргізіледі.

28 ұйымды құрайтын оңалту орталықтары мен өңірлік желілер арқылы жобалар іске асырылуда.

Олар деструктивті діни ағымдардың жетекшілері және белсенділерімен жекелеген кездесулер өткізеді. Одан бөлек құқыққорғау органдары мен әкімшілік қызметкерлеріне дәрістер және семинарлар ұйымдастырып тұрады.

Төртіншіден, жалпы профилактика шеңберінде азаматтардың сауаттылығы мен ақпараттандырылуы қамтамасыз етіледі.

Еліміз бойынша 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топтар жұмыс жасайды. Олардың құрамында – 3,5 мыңнан астам адам бар.

Интернет-аудиториямен жұмыс ағартушылық«КazIslam.kz»(бұрын  E-Islam.kz)интернет-порталы арқылы жүргізіледі.

Порталдың жылдық аудиториясы жарты миллион адамға жуық.

Діндарлардың мүмкіндіктерін арттыру үшін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірге Экстремизмнің алдын алу жөніндегі имамдарды қайта даярлау институты құрылды.

2016 жылдың қазан айынан бастап ол біздің әдістемелік қолдауымыздың негізінде «Нұр Мүбарак» университетінде жұмыс жасауда. Бүгінге Институтта 40 имам мен теолог-мамандар қайта даярлаудан өтті.

Жалпы, қабылданған шаралар діни саладағы жағдайды сауықтыруға айтарлықтай ықпал етуде.

IV. Приоритетом Послания определено повышение качества человеческого капитала, имплементация лучших практик и рекомендаций ОЭСР.

В своей статье Глава государства определяет, что «открытость и восприимчивость к лучшим достижениям является залогом успеха. … Поэтому важно формировать открытость сознания и использовать для этого целевой подход в работе с населением, с разными адресными группами».

В данном контексте мы делаем акцент на расширении диалога и социального партнёрства с НПО.

Во-первых, организуем работу главных диалоговых площадок государства и гражданского общества – Гражданского форума и Координационного совета по взаимодействию с НПО.

Здесь решаются самые важные вопросы законодательного и институционального развития сектора.

В конце прошлого года нами проведен VII Гражданский форум. По его итогам разработан План совместной работы Правительства и НПО на два года.

 На площадке Координационного совета и его групп мы встречаемся каждый месяц.

С начала 2017 года на базе Корсовета организован постоянный мониторинг актуальных общественных проблем.

Получая наши данные, Правительство закрепляет прямой контроль за ходом решения таких проблем.

Во-вторых, совместно с НПО совершенствуется нормативная база.

В данное время мы продвигаемпроект Закона «О внесении изменений по вопросам деятельности некоммерческих организаций».

Он предполагаетновый уровень прозрачности и контроля при формировании и оценке госсоцзаказа.

В мае проект Закона будет направлен в Мажилис.

Также мы ведем работу по уточнению правовой базы общественных советов.

Во втором полугодии текущего года пройдет Первый Мажилис общественных советов. На нем мы представим подготовленные дополнения в законодательство.

Параллельно дорабатываются Правила выделения грантов для НПО.

По новым правилам процедуры выделения грантов станут более простыми и прозрачными.

Для дальнейшего развития данного направления нами  запланировано проведение первого форума трехстороннего сотрудничества «АСАР».

Этот форум станет площадкой для презентаций социальных идей НПО, развития социального предпринимательства и сотрудничества с бизнесом.

Мы надеемся на активное участие в реализации этой инициативы наших партнеров из числа НПО.

Ждем предложений и идей, которые могли бы заинтересовать и привлечь бизнес сектор.

Здесь я вижу широкое поле для работы «Центра поддержки гражданских инициатив». Расширение социального партнерства  - одна из основных функций Центра. Поэтому поручаю вам привлечь все необходимые ресурсы для продвижения данной инициативы.

В-третьих. Министерство обеспечивает работу Базы данных НПО.

Её функционирование учитывает мировой опыт обеспечения прозрачности и информированности общества о деятельности НПО.

Сегодня в Базе представлен опыт около 3-х тысяч казахстанских и зарубежных организаций.

С начала года введена подача сведений в Базу данных онлайн.

Таким образом, мы выстраиваем основу атмосферы прозрачности и доверия в работе с НПО, как и указывал в Послании Глава государства.

Жалпы, үкіметтік емес ұйымдармен  Елбасының Жолдауы басымдықтарын тиімді ілгерілетуге және қоғамның әртүрлі топтарымен конструктивті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

V. Мақалада ұсынылған бірқатар идеялар жастармен нысаналы жұмыс үшін негізгі бағыт ретінде қабылданатын болады.

Біріншіден, «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» тарауы қазақстандықтармен жалпыұлттық киелі орындардың тарихи және рухани маңыздылығын ұғыну жөнінде жобалардың негізін құрайды.

Біз ішкі жастар туризмін дамытужобасы бойынша арнайы грант бөлуді жоспарлап отырмыз.

Ол туризм және демалыс нысандарын дамытуда бизнесмендерді тартуға, мәдени туризмді, өлкетануды насихаттауға бағытталатын болады.

Ұлттық бірегейлікті сақтау және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бірге өмір сүру» атты жастар фестивалі ұйымдастырылады.

Оның негізгі аудиториясы жас отбасылар болады.

Жоба негізінде үлкен туысқандармен қарым-қатынас, балаларды тәрбиелеу, отбасын құру мәселелеріне қатысты ұлттық дәстүрлер мен мәдениетіміз туралы білім насихатталады.

Сондай-ақ, біз «Абай жолы Ұлттық мектебі» атты ұлттық құндылықтар мектебін жоғарғы оқу орындарында ашудыұсындық.

Бұл жоба, халықтың, әсіресе жастардың,  арасында дәстүрлі құндылықтарға, ұлттық сана мен тарихқа, ұлттық мәдениет пен әдебиетке қызығушылығын арттыруды көздейді.

Бұл мектеп, жастар санасында ұлттық тұлғаларға құрмет пен тағзым қалыптастырудағы әлемнің ең үздік тәжірибесін қолдануға арналған.

Жуырда, 19 сәуір күні, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен бірге, біз белгілі қоғам қайраткерлерінің жастармен кездесуін өткіздік.

Кездесудің қортындысы Елбасы мақаласындағы идеяларды жастар арасында ұғынуға және «Абай жолы ұлттық мектебі» жобасына бірнеше ұсынымдар енгізуге ықпал етті.

Екіншіден, 2017 жылы Министрлік жастар ұйымдарымен диалог негізінде, жастарды патриоттық тәрбиелеу,  әлеуметтендіру және шығармашылық дамыту бойынша  жаңа жалпыұлыттық жоба әзірленеді.

Бұл жобаны дайындау үшін грант бөлінді.

Үкіметтік емес ұйымдарға конкурсқа белсенді қатысуды ұсынамын.Тұжырымдаманы әзірлеуге бізге қазіргі заманға сай технологияларды меңгерген, шығармашылық идеялары бар сенімді серіктес қажет.

Жолдаудың жастар инфрақұрылымын дамыту туралы міндеті бойыншабіз әкімдіктермен бірге жұмыс жасаудамыз.

Бұл мәселені біз Үкіметтің қарауына шығардық. Премьер-Министрдің арнайы тапсырмасы берілді.

Қазіргі таңда 2017-2020 жылдарға арналған  жастардың аймақтардағы бос уақытын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарлары әкімдіктермен әзірленуде.

Келешекте жастарға арналған нысандар мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде салынатын болады.

Қадірлі әріптестер!

Елбасы Жолдауының басымдықтары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы идеяларды іске асыру бойынша негізгі шаралар осындай.

Келешекте белгіленген басымдықтарды біз жүйелі түрде ілгері жылжытып отырамыз және осы жолда қоғам өкілдері қызу қолдау көрсетіп, белсенді қатысады деп сенеміз.

Назарларыңызға рахмет!

.