Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

10 ақпан 2017

2017 жылғы 10 ақпанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен Мәскеулік және бүкіл Русь Патриархының викариі, Красногорск епископы Иринархпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас және діни қызметтегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлермен алмасты.

Нұрлан Ермекбаев мемлекеттегі конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты және рухани дәстүрді сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Мекеме жетекшісі, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алға қойылған тапсырмалардың маңыздылығын ескере отырып, діни қызметкерлерді өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Митрополит Александр өз кезегінде православиелік  дін басылардың Қазақстан қоғамының игілігі үшін мелекеттегі бейбітшілік пен келісімді сақтау, әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында болашақта да шаралар қабылдайтынын алға тартты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды.

.