Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

20 ақпан 2017

2017 жылғы 20 ақпанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты. 

Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты. Кездесуге Парламент Сенатының депутаттары, қалалық құрылымдарының басшылары, ҮЕҰ, тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты.

Н.Ермекбаев Министрлік әрқашан қоғаммен сұхбатқа дайын екендігін атап өтті. Министр Үкімет пен Министрліктің бүтіндей жұмысындағы басты 3 басымдықты көрсетті: ашықтық, айқындық және әріптестік.

2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасының жобасы әзірленгендігінен жұртшылық хабардар.

Құжат зайырлылық қағидаларын нығайтуға, діни бірлестіктермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, Министр, осы жылдан бастап айрықша белсенді қоғамдық бірлестіктерге сыйлықақылар беру басталатындығын хабарлады. Министрлік ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы әлеуметтік әріптестікке баса назар аударып отыр.

Бұдан басқа, жастар саясаты саласындағы Үкіметтің негізгі міндеті туралы баяндады. Ол жастардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына, өзін-өзі дамытуға, азаматтық белсенділікті дамытуына және өскелең ұрпақтың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетуге барлық мүмкіндіктерді жасау.

Алматыда өткен жыл ішінде Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 7000-нан астам жас маман жұмысқа орналасқандығы туралы тұрғындарды хабардар етті.

Сонымен қатар кездесуде Нұрлан Ермекбаев Мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнымен және маңызы туралы айтты.

.