Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

22 ақпан 2017

Үстіміздегі жылдың 20-22 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н. Нүкенов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мен насихаттау бойынша қызметтік іс-сапарымен Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында Ақтөбе облысына барды.

Іс-сапар аясында жастар ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдарының, Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен, Ақтөбе қаласының ЖОО студенттерімен, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанттарымен және № 6655 әскери бөлімнің әскери офицерлерімен, «Аңсар» консультативтік-оңалту орталығы»  қызметкерлерімен кездесулері өтті.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық Локомотив депосының қызметкерлерімен, Темір ауданының жастар ресурстық орталықтарының және жастар ұйымдарының өкілдерімен, Ақтөбе облысы Темір ауданы Копа кентінің тұрғындарымен, Мұғалжар ауданының Жастар ресурстық орталығы және «Дін мәселелері және азаматтық қоғаммен байланыс жөніндегі орталық» қызметкерлерімен кездесті.  

.