Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

23 ақпан 2017

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктеріне аккредиттеуді өткізеді.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 63-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу Қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуге  құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 27 ақпан және 13 наурызы аралығында (жұмыс күндері сағат 9.00- ден 17.00- ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен) 8 (7172) 74-11-73, 74-13-12 Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекен-жайы бойынша орналасқан Министрліктер үйі, № 15 кіреберіс, 3-қабатта, 357 кабинетте Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасында жүргізіледі.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген үлгідегі өтiнiш (үлгі қоса беріліп отыр);

2) салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі – өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi. 

Аккредиттеу туралы куәлікті немесе себебін негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнiндегi комиссияның ұсынымы негізінде Министрлік тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бірлестікке береді.

Егер:

1) берiлген құжаттар жоғарыда көрсетілген Қағиданың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;

3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайларда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.

Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi.

Қосымша ақпаратты және анықтамаларды 8 (7172) 74-13-16, 74-13-39 телефондар арқылы алуға болады.

.