Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

24 ақпан 2017

2017 жылғы 24 ақпанда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаевтың «Дін саласындағы саясатты қалыптастыруда мемлекеттің концептуалдық тәсілдемелері» тақырыбында сарапшылық қауымдастықпен бейресми кездесуі өтті.  

Кездесу  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының басымдықтарын түсіндіруден басталды. Министр  қатысушыларды  мемлекеттің әл-ауқатын нығайтудың басым міндеттері белгіленген  маңызды құжатты талқылауға белсене қатысуға шақырды.  

Кездесу барысында Н. Ермекбаев кездесу қатысушыларына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастыруға, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған қызметі туралы ақпарат берді. Министр сарапшылар қоғамның көкейкесті мәселелерін көтеріп қана қоймай, бірқатар мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізетініне тоқтала келе, ұйымдастырылған шараның маңызыдылығын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында сарапшыларды толғандыратын мәселелер және азаматтық қоғамды дамытудың болашағы талқыланды. 

.