Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

25 ақпан 2017

2017 жылғы 24-25 ақпан аралығында Астана қаласында бизнес-сектордың, халықаралық ұйымдардың және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Корпоративтік қайырымдылықтың I Форумы өтті. 

Іс-шараға 500-ден аса ұйым мен компаниялар қатысты.

Форумның негізгі спикерлері болып «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарма төрағасы - Өмірзақ Шөкеев пен «Газпром нефть» КАҚ өңірлік саясат басқармасының бастығы Анна Казарина (Ресей) сөз сөйледі.

Форум аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов және «Samruk-Kazyna Trust» қамқорлық кеңесінің төрағасы Д. Калетаев Министрлік пен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. Қабылданған меморандум шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде ынтымақтастық көзделеді.

Сондай-ақ, пленарлық пікірталас сессиясы жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы А. Ғалымова қатысты.

А. Ғалымова өз сөзінде үкіметтік емес сектордың ұйымдастырушылық, құқықтық және қаржылық тұрақтылығын дамытудағы  үкіметтік емес ұйымдардың мықты, тұрақты және бәсекеге қабілеттілігіне мемлекеттің мүдделілік танытатынын атап өтті. Баяндаушының сөзіне сәйкес, мемлекет жыл сайын ҮЕҰ-мен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 14 мыңнан аса әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылды,  үкіметтік емес секторға құйылған инвестициялар көлемі өткен жылы  8,9 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, А. Ғалымова тұрғындардың қажеттіліктерін бағалау картасын әзірлеу, ҮЕҰ фандрейзинг, ұжымдық филантропия, мемлекеттік келісімшарт жасасу түріндегі қаржыландыру көздерін әртараптандыруға арналған тетіктер арқылы ҮЕҰ-ның жобалары үшін нарықтық тәсілдер қолдану, ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобалары үшін гранттар бөлетін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен серіктестік мүмкіндігі сияқты бірлескен жұмыстың басым бағыттарын белгілеп, әлеуметтік мәселелерді шешуге бизнестің қатысуының маңыздылығын жеткізді.

Қорыта келе баяндаушы мемлекеттің, бизнес қауымдастықтың және ҮЕҰ-ның бірлескен серіктестігі арқылы оң нәтижелер беретініне сенімін білдірді. 

Анықтама ретінде: Корпоративтік қайырымдылық форумы – Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында тәжірибе алмасу бойынша Қазақстандағы бірден-бір диологтік алаң. Форумды өткізудің басты мақсаты Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту ғана емес, үздік қайырымдылық бағдарламалар тәжірибелерін  жинап, олардың бизнес-ортада және қоғамда неғұрлым тиімді тәсілдерін анықтау болып табылады.

Форум аясында  пленарлық отырыстар мен білім беру және пікірталас алаңдары: халықаралық сарапшылардың панельдік сессиялары, шеберлік класстары және тренингтері жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік инвестициялау жобаларын көрсету, кеңестер қарастырылған.

.