Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

01 наурыз 2017

2017 жылғы 1 наурызда Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерелмен кездесті.

Кездесу барысында екі жақ азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша одан әрі әріптестік мәселелерін,  жастар саясатының басым бағыттарын, сондай-ақ, тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі Мақсаттарын жүзеге асыру аясында қабылданған жаңа міндеттерді жүзеге асыру бойынша бірлескен қызмет басымдықтарын талқылады.

Кездесу барысында, А. Нүкенов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының елдік тобына үкіметтік емес секторды дамыту мен қолдауға бағытталған белсенді қызметі үшін алғысын білдірді. Жалпы БҰҰ ДБ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімді жүйесі 170 – тен аса әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Вице-министр жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапасын жақсарту, мемлекет аймақтарындағы қоғамдық кеңестердің және жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру кейінгі өзара іс-қимылдың басым бағыттарының біріне айналу керек деп атап өтті.

Анықтама ретінде:

Бүгінгі таңда БҰҰ Даму Бағдарламасы дамудың әр түрлі салаларына жәрдемдесіп, шамамен 170 елдер мен территорияларда жұмыс істейді. Қазақстанда тұрақты дамудың негізгі мақсаттары тағам қауіпсіздігін, салауатты өмір салтын, сапалы білім, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және тұрақты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғам қалыптастыруға көмектесуге, барлығы үшін әділеттілікке қолжетімділікті қамтамасыз ету  және барлық деңгейдегі кең ауқымды қатысуға негізделген, тиімді, есеп беруге тиісті  мекемелерді құруға бағытталған.

.