Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

06 наурыз 2017

2017 жылғы 6 наурызда Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкеновтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. 

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдардың және «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҚҚ, «Камеда» ҚҚ, «Құқық» ҚҚ, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының «Азаматтық Альянсі» ЗТБ, «Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі институт» ЖҚ, «Қазақстан Республикасындағы Коммерциялық емес құқықтың халықаралық орталығының» өкілдігі және т.б. үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Жұмыс тобының отырысы аясында үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде,  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіруге, «ҮЕҰ Дерекқоры» интернет-порталын іске қосуға және т.б. қатысты Заң жобасының негізгі баптары талқыланды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Заң жобасына «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру», «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау» және «үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсететін қызметтерінің стандарттары» сияқты түсініктер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, Заң жобасы «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтер ұсынатын үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыруға бағытталған.

Анықтама ретінде: «ҮЕҰ Дерекқоры» үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы ақпараттың қоғам үшін және донорлар үшін ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған. 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ Дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) жұмысын бастады. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41 бабының 5-ші тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына енгізу үшін өз қызметтері туралы мәліметтер ұсынуға мүмкіндік алды. Мәліметтерді интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға мәліметтерді пошта арқылы тапсыру баламалы нұсқа болып қала береді. 

Жұмыс тобы ҮЕҰ-ны дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыратын болады. 

.