Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

13 наурыз 2017

Каирдегі халықаралық конференцияға қатысушылар Мемлекет басшысының әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі ғаламдық бастамаларымен танысты

2017 жылғы 11-12 наурызда Каир қаласында (Мысыр) Ислам істері жөніндегі жоғарғы кеңестің 27-ші Бас конференциясы өтті. Конференция «Әлемдік мәдениеттің таралуында, террорризм мен басқа да қауіп-қатерлермен күресуде шешім қабылдаушы көшбасшылар мен тұлғалардың рөлі» деген тақырыпта өткізілді.

Конференция жұмысына Таяу Шығыс, Африка және Азия елдерінің дін істері министрліктерінің басшылары, сондай-ақ бірқатар халықаралық ислам ұйымдарының және жоғары оқу орындарының өкілдері, ислам әлемінің көрнекті саяси қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Конференцияға Қазақстанның атынан Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын өкілдік етті. Сонымен қатар, қазақ тарапынан іс-шараға Алматы қаласындағы Мысыр ислам мәдениеті орталығының «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Ш.Керім және ҚМДБ өкілі С.Шоқанов қатысты.  

Іс-шара шеңберінде ислам әлемінің проблемаларын тиімді шешу жолдарын табуға және талқылауға бағытталған, яғни бүгінгі күні Таяу Шығыста және әлемнің басқа да елдерінде орын алып отырған террористтік және экстремистік қауіп-қатерлерге арналған 5 тақырыптық секция ұйымдастырылды.

Вице-министр Б.Арын «Терроризмге және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы саяси көшбасшылардың рөлі» секциясында сөз сөйледі.
Ол іс-шараға қатысушыларды этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы қазақстанның тәжірибесімен және Мемлекет басшысының  әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ғаламдық бастамаларымен таныстырды. Оның қатарында Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезін шақыру, БҰҰ жанынан халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру бойынша әлемдік желі құру, сонымен қатар «Діндер бейбітшілік үшін» деген тақырыпта жоғары деңгейдегі диалог өткізу және т.б. бастамалары бар.

Конференция қорытындысы бойынша «Бейбітшілікті қолдау жөніндегі Каир құжаты» қабылданды. Ол дінге сенушілер арасындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды анықтауға, діни сеніміне және нәсілдік  ерекшеліктері бойынша кемсітушіліктер мен кибертерроризмге қарсы күрес жөнінде қажетті заңнамалық шаралар қабылдауға бағытталған.

Іс-шара шеңберінде Берік Арын Мысырдың Уақыфтар министрі Мұхтар Жұмамен кездесіп, тараптар екі ведомство арасындағы, оның ішінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы  ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Мысыр тарапы қазақстандық дін мамандары үшін «Әл-Азһар» университетінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында курстар ұйымдастыруға әзір екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстанда жоғары білікті дін мамандарын әзірлейтін Қазақстан мен Мысыр арасындағы бірлескен жоба болып табылатын «Нұр-Мүбарак» университетінің қызметін бұдан әрі жетілдіру бойынша  пікір алмасты.

.