Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

14 сәуір 2017

2017 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкеновтың төрағалығымен кейбір нормативтік құқықтық актілерді талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. 

Отырыс барысында гранттық қаржыландыруға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың көрсететін қызметтерінің стандарттарын бекітуге қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптасытру, бақылау және нәтижесін бағалау жобалары қарастырылды.

Гранттық қаржыландыруға қатысты, министрлік келесіні ұсынады:

-  сарапшылар тізілімін, сондай-ақ тізілімде бар сарапшылар қатарынан комиссия құру (жыл сайын). Өтінім берушімен мүдделер қақтығысы болған жағдайда, сарапшылар комиссиясының мүшелері сарапшылық комиссия қатарында бола алмайды.

- өтінімдер сапасын арттыру мен ҮЕҰ үшін конкурсқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ-ның өтінімдері бойынша өтінімдерді беру мерзімін 20-дан 30 жұмыс күніне дейін арттыру.

-   ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарды бөлу Жоспарын қалыптастыру тәртібін өзгерту.  Жоспарды қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар гранттар бойынша ұсыныстарды, жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 31 наурызына дейін, уәкілетті органға жолдайтын болады, уәкілетті орган өз кезегінде  жиынтық шығыстарды қалыптастырғаннан кейін бюджеттік өтінімдерді РБК-ның қарауына енгізетін болады.

-  жергілікті ҮЕҰ-ны қолдау үшін гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор арқылы мемлекеттік гранттар бөлу.

- үнем болған жағдайда қаражатты бөлу бойынша норманы енгізу. Бюджеттік қаражаттың үнемі болған жағдайда, Оператор оны Министрлікпен келісіп грант бөлуге жұмсай алады. 

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, бақылау және нәтижесін бағалау бойынша Ережелерді қарастырып, тиісті ұсыныстар берді.

 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және нәтижесін бағалау» түсініктерін енгізу мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жоспарлау мен жүзеге асыру процессінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

 Лоттардың тақырыбын қалыптастыру қажеттіліктерді/жағдайды бағалау кезеңінде басталады (мәселенаманы, басымдықтарды, қызмет алушыларға қатынасты, әлеуметтік мәселені шешудің мүмкін жолдарын анықтау және т.б.).

Қажеттіліктерді/жағдайды бағалау үшін уәкілетті органның интернет-ресурсында, азаматтар мен ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы бекітілгенге дейін талқылау мен пікір білдіруге мүмкіндік беретін арнайы айдар құру ұсынылған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижесін бағалау жобаның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, бөлінген қаражатты ақтау және көрсетілген қызметтермен қанағаттану мен мақсатты топқа әсер ету деңгейі тұрғысында жобаның тиімділігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты: ҰАО «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы», «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ, «Камеда» ҚҚ, «Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі институт» ЖҚ, «Жұлдыз» ҚБ және т.б. 

.