Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

19 сәуір 2017

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетімен бірлесіп, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша бірқатар зиялы қауым өкілдерінің, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, ең бастысы Астана қаласының белсенді жастары және жастар ісімен айналысатын ұйымдардың өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты – мақалада айтылған тұжырымдамалардың нақты іске асыруда бастамаларды талқылау, жүзеге асырудың ұтымды жолдарын іздестіру.

Шара барысында Елбасының ой толғауы, рухани жаңғыру жөніндегі ұсыныстары бірінші кезекте жас ұрпаққа арналғандығы туралы айтылды.

Кездесу барысында аға буын өкілдері жастармен мақаланың тарихи маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, қатысушылардың пайымдауынша мақалада қойылған жаңа міндеттер жастар тарапынан жаңа, тың бастамаларға негіз болады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов: «осындай аға буын мен жас ұрпақтың салиқалы сұхбаттары рухани жаңғырудың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік береді, буынаралық сабастықты жалғастыру қажет» дей келе, мұндай шараларды барлық оқу орындарында өткізіп, жастарды өз болашақтарының иесі ретінде Елбасы макаласындағы идеяларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, ұлттық кодымыздың ертеңгі аға буын, зиялы қауым өкілдерінде сақталуының бір кепілі ретінде университеттер мен институттарда, колледждерде Ұлттық құндылықтар мектебін құруды ұсынды.

 «Бұл мектеп жаһан жаңалықтарының жағымдысын инеге іліп, ел ерекшеліктерінің игілерін, ұлттық мұрат-мақсаттарды жас адамның бойына терең сіңіруге қызмет атқаруы абзал», - екенін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі тілге тиек етті.

ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Абайтанушы Ғ. Есім«Ұлттық құндылықтар мектебін "Абай жолы" деп атап, оны оқу орындарында құрсақ» - деген ұсыныс білдірді. Қатысушылар тарапынан оқу орындары жанынан Ұлттық құндылықтар мектебін құру туралы ұсыныс кең қолдауға ие болды.

«Жаһанның жағымды жаңалығын бойға сіңіре отырып, болашаққа басқан жолымызда ұлттық болмысымыздан айырылып қалмау керек. Қайта керісінше, өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың дүниежүзілік қазынада ойып алар орнын айшықтау қажет», деп сөзін аяқтады вице-министр.

.