Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

19 сәуір 2017

Бүгін Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) ұйымдастырған «Ислам және өркениет» атты тақырыбында ІІ республикалық имамдар форумы өтті.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 500 мешіт имамдары, медресе ұстаздары мен шәкірттері, еліміздегі діни конфессиялардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ алыс-жақын шет елдердің діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Форумда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаев Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Н.Б. Ермекбаев өз баяндамасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі бағыттарға тоқталып, Қазақстанның гүлденуі, көптеген факторлардан тұратындығы және оның ішінде діннің қоғамдағы орны мен рөлін дұрыс түсінудің маңызды екенін атап өтті.

 «Ұлттық-мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда мемлекеттің стратегиялық әріптесі ретінде еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын көруіміздің толық қисыны бар», - деп ойын жалғастырды. 

Сонымен қатар, Министр Қазақстанның зайырлы қағидаты исламның және заңды негізде қызмет атқарып отырған басқа да діндердің рухани мұраларын құрметтеуге және әрбір азаматтың дінді таңдай алу бостандығына негізделетіндігіне назар аударды.

Форумда сөз алған ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы алдағы уақытта Муфтият алдында тұрған негізі міндеттерді айқындады. Оның ішінде мешіт имамдарының қоғамымдағы рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтудағы маңызды рөлін көрсетіп, еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытында атқарып отырған жұмыстарына жан-жақты тоқталды.

Форум барысында Діни басқармамен арнайы әзірленген «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы»  тұжырымдамасы мен «Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттар талқыланып,  ұстанымы бекітілді.

Іс-шараның соңында «Ислам және өркениет» атты тақырыбында ІІ республикалық имамдар форумның Үндеуі қабылданды. 

.