Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

20 сәуір 2017

2017 жылы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкеновтың төрағалығымен кейбір нормативтік құқықтық актілерді талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.  

Кездесу барысында ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсететін қызметтерінің стандарттарын бекітуге және ҮЕҰ –ға арналған сыйақылар беру қағидаларына байланысты нормативтік-құқықтык актілер талқыланды.

Бүгінгі таңда, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ-ның көрсететін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» бұйрық шеңберінде,үкіметтік емес ұйымдар ҮЕҰ қызметтерінің 6 стандартын ұсынды – оқытатын, кеңес беруші, ақпараттық және әдістемелік, зерттеу-сараптамалық қызметтер, іс-шаралар мен орталықтар жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер.

Сонымен қатар, стандарттар ҮЕҰ қызметтерінің құрамына, жеткізушілердің біліктілік сипаттарына, мазмұны мен шарттарына, аталмыш қызметтерді көрсету процедурасына, процесс сапасын және нәтижесін бағалау критерийлеріне, стандарт талаптарын сақтауды бақылау тәртібіне, оны бұзғаны үшін жауапкершілік деңгейіне жалпы талаптарды бекітеді.

Талқылаудың басқа тақырыбы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №407 «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрыққа байланысты болды. Отырыс барысында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы А.Ғалымова биылғы жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақылар берілетінін хабарлады. Сыйақыларды беру тәртібін толық айқындау қажеттілігіне байланысты қолданыстағы қағидаларға түзетулер енгізіледі.  

Осыған орай, 2017 жылы сыйақылар, жұмыс тобының отырысында талқыланған, жаңа қағидаларға сәйкес берілетін болады.  Қағидаларда 3 кезең өткізу қарастырылған:

1) бірінші кезең – Комиссия, уәкілетті органнан құжаттарды алған күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, сыйақыларды алу үшін конкурстық өтінімдерді қарастыру мен іріктеуді жүргізеді;

2) екінші кезең – Комиссия конкурстық өтінімдерді қарастырған соң, он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, Үйлестіруші кеңес ұсынымдар жасап шығарады;  

3) үшінші кезең – Үйлестіруші кеңес ұсынымдар енгізген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде уәкілетті орган сыйақыларды беру туралы шешім қабылдайды.

Сондай-ақ, қағидаларға конкурстық комиссия ҮЕҰ-ның конкурстық құжаттарын бағалайтын өлшемдер енгізілген.

Анықтама ретінде: өлшемдер:

1) саланың, өңірдің, республиканың дамуына қосқан әлеуметтік үлесі;

2) ұйымның тәжірибесі;

3) қоғамдық мойындау;

4) ұйым қызметінің инновациясы;

5)41 Заңның 5 тармағына сәйкес, өтінім берушінің ҮЕҰ Дерекқорында болуы.

Құрамына мемлекеттік органдар мен «Құқық» ҚҚ, «Камеда» ҚҚ, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» ҚБ, «Ардагер» ҚБ және т.б. сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірген жұмыс тобы азаматтық секторды дамыту аясындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз жұмысын жалғастыратын болады. 

.