Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

21 сәуір 2017

2017 жылғы 21 сәуірде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ АҚЖКБ) Орталық Азияға арналған Өңірлік өкілі Ришард Комендамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ АҚЖКБ арасындағы адам құқықтарын қорғау және ынталандыру саласындағы, атап айтқанда дін және азаматтық қоғам салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, тараптар БҰҰ-ныңбейбіт жиналыстар және қауымдастықтар бостандығына құқық жөніндегі мәселелер бойынша Арнайы баяндамашыныңұсынымдарын Қазақстанның іске асыру мәселелерін талқылады.

Б.Арын ар-ұждан бостандығы мен дінге сену еркіндігінеадам құқықтарыныңжүзеге асырылуын қамтамасыз ету және үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді механизімін жасауға бағытталған Министрліктің қызметі туралы хабардар етті.

Осы ретте, вице-министр Қазақстанда құқықтық саласында діни бірлестіктердің еркін қызметі үшін қажетті жағдай жасалғанын, сондай-ақтүрлі деңгейдегі мемлекеттікқұрылыс мәселелері менхалықтың проблемаларын шешудегі бастамаларының және азаматтық белсенділігірөлінің артуын қамтамасыз ететін мемлекет пен азаматтық қоғамның әлеуметтік серіктестігі моделінің құрылғанын атап өтті.

.