Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

25 сәуір 2017

Бүгін Мемлекет басшысының   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н. Нүкенов облыстар, Астана және Алматы қалаларының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшыларымен кездесті.

«Биылғы Елбасының бірқатар бастамаларының аясында алдымызда атқаратын үлкен жұмыстар бар. Мемлекет басшысының жақында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қамтылған мәселелердің барлығын санадан дұрыс сараптап өткізу керек. Мақаладағы ой-тұжырымдар бірінші кезекте жастарға арналып отырғандығы анық.

Сондықтан бүгінде басты мақсаттардың бірі - ол жаңғыру жолындағы жастар институттарының рөлі мен орнын айқындау. Бұл ретте олардың мүмкіндіктері мен әлеуетін күшейту арқылы, жастарымызға құндылықтар мен ұлттың мақсат-мұраттарын дұрыс жеткізе алуымыз маңызды», - деп тоқталды   вице-министр «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен өткен кездесуде. Осы орайда Нүкенов жастар ресурстық орталықтары арқылы жас буынмен ақпараттық жұмыстарды жүргізу өзекті екенін айта келе, бүгінде аталған орталықтардың мүмкіндіктері толық пайдаланылмай жатқандығын қадап айтты.

Бұған әлеуметтік сауалнамалар мен жергілікті жерлердегі кездесулер де дәлел болып отыр. «Біз жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін пайдалануды лайықты деңгейге шығаруымыз керек. Бұл тұрғыда жастар ортасындағы жағдайды тыңғылықты зерттеуге ерекше мән беруге тиістіміз. Әрине, кадрлық әлеуетті күшейту қажет, сондықтан орталықтардығы мамандардың біліктілігін арттыруға назар аударудамыз», - деді ол. Бұдан бөлек, вице-министр ведомство мен өңірлердегі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларымен жұмыстарды үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

«Бұл бағытта елеулі шараларды атқару керек. Бізге жұмыс әдістері мен қадамдар үнемі жетілдіріп отырған абзал. Жастарды жаңа технологияларға баулуға, жастар кәсіпкерлігін дамытуға айрықша назар аудару өзекті болып отыр», - деді Нүкенов. Мұнымен қоса ол өңірлік басқармалардың өкілдеріне еңбек нарығы бойынша, сұранысқа ие жаңа мамандықтар туралы жастарға толық ақпарат беру бағытында жұмыстарды белсенді атқару керектігін жеткізді. «Осыған байланысты біз «Түлектер тақтасы» атты арнайы жобаны әзірлеумен айналысып жатырмыз. Бүгінде оның тұжырымдамасы даярланып жатыр.

Ары қарай оны мүдделі мемлекеттік органдардың талқылауына ұсынамыз. Бұған өңірлердегі жастар саясаты басқармаларының да белсенді қосылуына шақырамыз. Бұл тұрғыда ақпараттық тақтаны құрмақпыз. Оқуды тәмамдар алдындағы соңғы бір жыл бойы қажетті ақпаратты осы жүйеден алу мүмкіндігі жасалады деп күтілуде. Балалардың өзіне лайықты мамандықты дұрыс таңдауында тиісті қолдау болуы керек», - деп түйіндеді вице-министр. 

.