Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

28 сәуір 2017

2017 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында Enactus Kazakhstan National EXPO 2017 стартаптардың, студенттік кәсіпкерлік пен инновациялардың Ұлттық кубогы басталды. 

Қазақстандағы Enactus ұлттық кеңсесі Мемлекет басшысының қазақстандық жастарға бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен отандық бизнестің дамуына белсенді қатысуға шақыратын міндеттерін іске асыру аясында Ұлттық кубокты ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н. Нүкенов пен Қазақстандағы Enactus серіктестері: Raimbek, KPMG, Qazkom, Chevron, Аsia Waters табиғи минералды TURAN суымен,  Mall Aport, Beeline Kazakhstan, TSSP, Norton Rose Fulbright, «Тәртіп» АҚ, «Lotos» БО басшылары қатысты. 

Өзінің құттықтау сөзінде, вице-министр Нүкенов елімізде жастардың жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай жасалғанын, жастардың инновациялық бастамалары мен бизнес-бастамаларды кеңіненқолдау көрсетіліп жатқаны атап өтіп: «Дәл сіздер жәнесіздердің инновациялықшешімдеріңіз бен туындыларыңыз біздің елімізді ХХI ғасырда жаңа жеңістер мен жетістіктерге әкеледі» - деді.

Естеріңізге сала кетсек, сайысқа 50-ге жуық ЖОО-ның Enactus командалары қатысып, 90-нан астам бизнес-жобалары ұсынылды.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26-28 күндері Enactus World Cup 2017 әлемдік  байқауы өтеді. Бұл байқауда Қазақстанның намысын National EXPO 2017 Ұлттық сайысының жеңімпазы қорғайтын болады.

Жобаның басты мақсаты – жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге қатыстыру, кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі мен адамдардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беру, жаңашыл ойларды қосу, кәсіпкерлікті дамыту үшін студенттік, академиялық және бизнес-көшбасшыларын біріктіру.

.