Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

02 мамыр 2017

ҚР Үкіметі 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы жобасын қарастырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен отырыс барысында ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы жобасын қарастырды.  

Дін және азаматтық қоғам істері министрі Нұрлан Ермекбаев құжаттың Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының бағыттарына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына толығымен сәйкес келетінін баяндады. 

Құжат жобасында аталған саладағы мемлекет саясатының басымдықтары нақтыланған. Мәселен, діни бірлестіктердің қаржылық-шаруашылық және үгіт-насихаттық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша талаптар нақты белгіленген. Сонымен қатар зайырлы даму қағидаттарын нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Атап айтқанда, зайырлы мемлекет діни бірлестіктердің ішкі істері мен ережелері мәселелеріне араласпайтыны, ар-ождан бостандығы үшін жағдайлар тудыратыны айтылған. Әйтсе де, мемлекет діни бірлестіктердің мазмұндық және қоғамдық қызметін реттеп және бақылап отырады, заңдар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауын талап етеді.  

Сонымен қатар, ұсынылған құжатта діни ұрандарды жамылған кейбір діни ағымдардың экстремистік идеологиясына қарсы тұру және бүлік салу қызметін бейтараптандыру бойынша жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру туралы айтылған. Барлық салаларда – білім, мәдениет, спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттарында кешенді жұмыстар жүргізу ұсынылады. 

Тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жаңа геосаяси шынайылықтар, ішкі және сыртқы қатерлер аясында Қазақстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыстар ресми түрде тіркелген діни бірлестіктер мен азаматтық қауымдастықты тартумен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың тығыз әрекеттестігі арқылы жүзеге асырылады. 

Анықтама: 

2017 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 18 конфессия атынан 3 700 жуық діни субъект тіркелген. Еліміздегі азаматтардың 81% өздерін діндар адам деп санайды, 19% - атеист және агностик. Діндарлардың тек 14% өзін дін жолына бағыт алған десе, 70% - орташа діндар деп санады.

.