Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

03 мамыр 2017

2017 жылғы 21 сәуірде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымованың БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Орталық Азиядағы үйлестірушісі Дмитрий Фрищинмен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымовамен кездесуінде БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Орталық Азиядағы үйлестірушісі Дмитрий Фрищин: «Жақында қабылданған Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңы Қазақстанда дамып келе жатқан еріктілікті жаңа деңгейге шығарады» -  деп мәлімдеді.

Дмитрий Фрищинның пікірінше, аталмыш Заң волонтерлер қызметінің принциптерін айқындау, еріктілік қызмет ұйымдарында қоғамдық талпыныстарды біріктіру үшін құқықтық алғышарттар қалыптастыру, волонтерлік қызметті ынталандырудың экономикалық емес тәсілдерін орнату бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Дмитрий Фрищин Қазақстан Республикасының белсенділігі мен халықаралық сахнада мойындалуын жоғары бағалай отырып, волонтерлік инфрақұрылымның әлеуетін дамытудағы Министрліктің орнын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, Әлия Ғалымова Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңын қалыптастыруға депутаттық корпус бастамашылық еткенін, ал волонтерлік қызметті құқықтық реттеу өзектілігі, БҰҰ Еріктілер бағдарламасы түрткі болған  Қазақстандағы еріктілер институтының дамуына байланысты деп хабарлады. Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңын әзірлеуші Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бүгінгі таңда елдегі волонтерлік қызметті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 

Әлия Ғалымованың айтуы бойынша қазіргі таңда «Экспо-2017» «Болашақ энергиясы» халықаралық арнайы көрмесіне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға, шағын қаллардың тұрақты дамуы бойынша жобаларға және тұрақты дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға еріктілер кеңінен тартылған. Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұсынған «Туған жер» жобасын іске асыру толықтай еріктілердің әлеуетін пайдалануды көздейді.

БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен өзара серіктестіктің маңыздылығын мойындай отырып, Әлия Ғалымова өңірлерде қызметкерлерді кәсіби оқыту жұмыстарын жалғастыру үшін сарапшылық әлеуетті біріктіру қажеттілігін айтып өтті.

Екі жақ Қазақстандағы еріктілікті дамытуда бұдан әрі серіктестік туралы келісті.

.