Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

04 мамыр 2017

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ.Маминнің төрағалығымен Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комисиия) бірінші отырысы болып өтті.

 

  2017 жылғы 4 мамырда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ.Маминнің төрағалығымен Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комисиия) бірінші отырысы болып өтті.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жұмыс органыболып бекітілген аталған Комиссия дін саласындағы мәселелерді қарастыру мақсатында 2016 жылдың қараша айында Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың өкімімен құрылған болатын. 

Комиссияның мақсаты  дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру болып табылады.Оның міндеттері ретінде осы салаға қатысты заңнамаларды жетілдіру және мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара әрекеттесуін үйлестіру болып анықталған. 

Комиссияның алғашқы отырысында келесідей мәселелер қарастырылды:

IДін саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық және аймақтық үйлестіру мәселелері туралы;

II. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

Комиссия отырысында министрліктердің, ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдардыңбасшылары қатысты.

Отырыс осы саладағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық және аймақтық үйлестірудің негізгі мәселелері қарастырылып, Комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітумен аяқталды.

.