Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

06 мамыр 2017

Астана қаласында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай флеш-моб өтті

Бүгін Астана қаласында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Елім деп соғар жүрегім» атты жастар флеш-мобы өтті.

Іс-шара Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Акция патриоттық сезімді, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, әскери қызметкерлердің батырлығын еске алу, сонымен қатар жастар арасында әскери қызметті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында құрбан болған батырларды еске алу, гүл шоқтарын қою салтанаты өтіп, Ұлы Отан соғысының және тыл еңбектері ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Флеш-мобқа әскери-патриоттық қауымдастықтар, кадеттер мен жастар ұйымдарының мүшелері, волонтерлар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 200-ден асты.

Іс-шара барысында  қатысушылар «Отан қорғаушылар» монументі алдында Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, сонымен қатар, әскери-патриоттық қауымдастықтар мен кадеттер өкілдері патриоттық әуеннің сүйемелдеуімен «ҚР ҚК» (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері) және «25» саны құрастырды.

Астана қаласында өткен флеш-моб мемлекеттің әр өңірінде өтетін жалпыреспубликалық флеш-мобтың бастамасы болды.

.