Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

14 мамыр 2017

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Түркі кеңесі елдерінің Жастар істері және спорт министрлерінің екінші отырысына қатысты. 

2017 жылғы 13 мамырда Баку қаласында Түркі кеңесі елдерінің Жастар істері және спорт министрлерінің екінші отырысы өтті.Отырысқа Түркияның, Әзірбайжанныңжәне Қырғызстанның жастар ісі және спорт  мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Қазақстан атынан бұл шараға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С. Арын қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының қызметін, Түркі кеңесінің жастар платформасының регламентінреттейтін құжаттарды мақұлдады, сондай-ақ Түркі кеңесі елдерінде өтетінIII Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары, I Түркі универсиадасы, Түркі кеңесі елдерінің II жастар фестивалі сияқты бірқатар ауқымды іс-шараларға дайындық барысын талқылады. 

Б.Арын өз сөзінде қатысушыларды Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерген негізгі бастамаларымен таныстырды. Сонымен қатар вице-министр ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды, салт-дәстүрімізді, мәдени ескерткіштерімізді жаңғыртуда Түркі кеңесі елдерімен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:

Сондай-ақ, Б. Арын түркітілдес елдерін 2017 жылғы 10 мен 16 шілде аралығында Ақмола облысындағы Зеренді ауылында өтетін Түркі кеңесіне мүше елдер жастарының халықаралық жазғы лагеріне белсенді түрде қатысуға шақырды.

Баку қаласындағы сапарында вице-министр Берік Арын Әзірбайжан Республикасының діни ұйымдарымен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Мубариз Гурбанлы мырзамен екі жақты кездесу өткізді, онда діни ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері және екі елдің аталған саладағы тәжірибелері талқыланды.  

Одан басқа, Б. Арын Баку мемлекеттік университетінің ректоры Абел Магеррамовтің қабылдауымен университет жанындағы Абай орталығында болды. Аталған орталықпен жастарды ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге дағдыландыруға бағытталған жобаларды іске асыру туралы ынтымақтастыққа қол жеткізілді.  

.