Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

17 мамыр 2017

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дахир Мутиш Дж.Аленаземен кездесті.

Кездесу барысында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) ағымдағы жылдың 20-21 мамыр аралығында өтетін АҚШ және Ислам әлемі Саммитке дайындық мәслесі талқыланды.

Сонымен қатар, әңгіме барысында екі жақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы пікір алмасты. Н.Ермекбаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісіне осы салада елде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы айтып берді. Министрдің айтуынша, Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері халықтың діни, мәдени және әлеуметтік-тарихи дәстүрлері негізінде, елімізде мекен ететін барлық этнос өкілдерінің сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында қалыптасты.

Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дахир Мутиш Дж.Аленазе өз кезегінде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа қолдау білдіріп, діни экстремизмді алдын алу мен терроризмді болдырмау бойынша бірлесіп шаралар әзірлеу үшін өзара байланысты одан әрі дамытуды ұсынды.

.