Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

28 маусым 2017

Министр Нұрлан Ермекбаев Лос-Анджелес Митрополиті Серапионмен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Коп шіркеуінің Лос-Анджелес Митрополиті Серапионмен кездесті.

Кездесу барысында конфессияаралық және дінаралық сұқбатты нығайту, сондай-ақ, бейбітшілік пен қауіпсіздік қорғау мәселелері талқыланды.

Министр Нұрлан Ермекбаев Митрополитті елдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, сонымен қатар, діни радикализмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы баяндады.

Лос-Анджелес Митрополиті Серапион әңгіме барысында дінаралық келісімнің қазақстандық моделі әлем үшін үлгі екенін атады. Ол Мемлекет басшысының Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізуидеясын жоғары бағалады.

Айта кетейік, Лос-Анджелес Митрополиті Серапион Таяу Шығыстағы бүкіл египеттік коптардың мүддесін ұсынады.

Коп шіркеуі ежелгі Шығыс шіркеулерінің (халкидондық емес)бірі саналады. Ол автокефальді шіркеу ретінде VI ғасырда Александрия патриархатының халкидондық и халкидондық емес екі кафедраға бөлінуі негізінде құрылды. Құдайға сыйыну кезінде коп салтын ұстанады.

Коптардың үлкен бөлігі Египет Араб республикасының аумағында тұрады. Египет тұрғындарының саны 90 миллионға жуық адам болса, Коп шіркеуінің ресми өкілдері 7-10 млн адамды құрайды.

 

.