Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

30 маусым 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін бағыттар бойынша:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетімбалаларға, толықемес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәденимұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық  ұсын алмайды. Сыйлықақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған тізбе мыналарды:

1)  бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкіндегі ұсынымды (А4 форматындағы екі парақтан аспайтын), сондай-ақ құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

2) үкіметтік емес ұйымның қызметі, жұмыс тәжірибесі, өңірдің және/немесе елдің азаматтық қоғамын дамытудағы әлеуметтік үлесі туралы анықтаманы;

3) үкіметтік емес ұйымның қызметіндегі соңғы жылдағы жетістіктерітуралы қысқашасипаттаманы;

4)  үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (басқа үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес) қамтиды.

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдерДін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Елдаңғылы 8(Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет.Анықтама телефондары:+7 (7172)740511, 74 09 97

 

Хэштегтер:

«ҮЕҰ-ға арналған алғашқы сыйлықақыға байқау жарияланды»;

«ҮЕҰ-ға арналған алғашқы сыйлықақы өз үміткерлерін күтуде»;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.