Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

11 шілде 2017

«Зеренді» демалыс орталығында түркі жастарының лагері ашылды

2017 жылғы 11 шілдеде Ақмола облысы, Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруыменТүркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Лагерьдің негізгі мақсаты – Түркі кеңесі елдерінің жастары арасында мәдениетаралық байланыс, жастар саясаты саласында озық тәжірибе мен инновациялық жобалар алмасу болып табылады.

Лагерь жұмысына Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінен делегаттар, тәжірибесі мол білікті тренерлер мен аймақтардан жастар саясаты саласының мамандары қатысып, жастар саясатындағы инновациялық идеялардың іске асуы,осы саладағы Түркі кеңесі елдерінде жүзеге асырылып жатқан тиімді жобалар мен  басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Лагерьдің ашылуында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Түркі кеңесінің халықаралық лагері қатысушыларын шараның ашылуымен құттықтап, ел болашағының құрылымын қалыптастырудағы  жастардың рөліне тоқталды. Вице-министр өз сөзінде: «Ұлттың рухани жаңғыру жобалары жастар саясаты саласында ынтымақтастық пен жастармен жұмыста жаңа әдістерді қалыптастыруға мүмкіндіктер береді. Қазақстан Түркі кеңесіне қатысушы-елдердің мәдениаралық диалогты арттыру бойынша бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Осы орайда, жас азаматтар толеранттылық пен этностық және діни ерекшеліктерге төзімділік танытулары керек. Жастар мәдениет, бейбітшілік пен келісімді орнатуда қызығушылық танытулары маңызды» - екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, бір аптаға жоспарланған лагерь жұмысы аясында мәдени-дамыту, тренингтер мен спорттық шаралар, сонымен қатар «ЭКСПО - 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, лагерь ағымдағы жылдың 10-16 шілде аралығында  Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы демалыс орнында ұйымдастырылуда.

.