Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

28 шілде 2017

Жыл басынан бері деструктивтік діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен 1134 адам оңалтылды

Жыл басынан бері деструктивтік діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен 1134 адам оңалтылды. Бұл радикалды және деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарының белсенді жұмысы нәтижесінде орындалды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ел аумғында 5000 астам іс-шара өткізіліп, оған 6630 адам қамтылды.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында білікті теолог, дінтанушы, психолог және діни берлестіктер мен үкіметік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүргізілген жұмыс осындай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда оңалту жұмыстарына Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Дін істері басқармалары мен оңалту орталықтары жұмылдырылған. Атап айтқанда, барлық өңірлерде Діни проблемаларды зерттеу орталықтары, «Насихат» консультациялық-оңалту орталығы» (Көкшетау қ.), ҚМДБ жанындағы О. Есенұлы атындағы оқу-оңалту орталығы, «Нұрлы білім» ҚБ (Қарағанды қ.), «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» (Ақтөбе қ.), «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендер көмек көрсету (Атырау қ.) орталықтары жұмыс жасайды.

Аталған оңалту орталықтарының қызметі экстремисттік сипаттағы деструктивтік діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккендерді оңалту және бейімдеу арқылы халықтың радикалдану деңгейін төмендетуге бағытталған.

Сондай-ақ, ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмыстары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де жүргізілуде. Өңірлік Дін істері басқамаларымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 3888 кездесулер ұйымдастырылып, оған 18 000-нан астам адам қамтылған. Оның қорытындысы бойынша 264 адам өздерінің деструктивтік діни көзқарастарынан бас тартты.

Еске сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп радикалды және деструктивтік діни идеологияның ықпалына түскен тұлғаларға теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

 

.