Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

03 тамыз 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының құрылуы туралы» тақырыбында брифинг өтті

Брифинг жұмысына Қазақстан діни мұсылмандар басқармасының наиб-муфтиі Наурызбай Өтпенов және «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай қатысты.

2017 жылғы мамырда «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды.

«Уақып» қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады.

Қордың құрылтайшылары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы және Дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

Қор қызметінің ашықтығын және қаржының мақсатты жұмсалуын қаматамасыз ететін Қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаты, Жоғарғы муфтий, «Дінтанушылар конгресінің» төрағасы, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері енді. Дін саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы ретінде Қамқоршылық кеңестің төрағасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып саналады.

Қорды құру барысында бірқатар мұсылман елдерінің, сондай-ақ, Бельгия, Ресей сияқты елдердің тәжірибелері жан-жақты зерттелді.

Министр Нұрлан Ермекбаев «Уақып» қорының өзгешелігі қайырымдылық қаражаттарын басқарумен қатар табыс табумен айналыса алатындығын атады. Сол себепті қаржы түріндегі активтерімен қатар, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді басқаруға рұқсат бар. Аталған табыстардың салықтарын төлегеннен кейін ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға болады. Ал нақты бір мақсатқа арналған капитал (эндаумент) қомақты болса, онда ол кәсіби басқарушы инвестициялық компания басқаруына беріледі.

«Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбайдың айтуынша, Қор қайырымдылық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім және басқару мақсаттарына жетуге атсалысып, алыс елді мекендердегі білікті иамамдарды тартуға ықпал етеді.

«Уақып» қорының қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу;
  • тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;
  • балалар мен жастардың физикалық және интеллектуалдық дамуын қолдау;
    • діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу;
    • мамандардың біліктілігін көтеру және шалғайда орналасқан діни бірлестіктердің әлеуметтік мәселелерін шешу.

Осы аталған міндеттерді шешуге сауапты іс жасауға ниет білдірген елдің барлық азаматтары, Қазақстанның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары, сондай-ақ, шетелдік және халықаралық ұйымдар шақырылады.

.