Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

07 тамыз 2017

Қазақстанда алғаш рет үкіметтік емес ұйымдарына арналған сыйақылар беру үшін өтінімдерді қабылдау басталды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін үкіметтік емес ұйымдарына арналған сыйақыны беру үшін өтінімдер қабылдайды.

Сыйақылар әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдарына беріледі.

Үміткерлерді іріктеуді құрамына Сыйақыны беру бағыттары бойынша сарапшылар, ҮЕҰ басшылары, қоғам қайраткерлері, уәкілетті органның, мемлекеттік органдардың өкілдері енетін байқау комиссиясы жүзеге асырады.

Сыйақының минималды мөлшері - 2000 (екі мыңға еселенген) размер айлық есептік көрсеткіш (МРП) көлемі. Бір номинация бойынша сыйақы бір немесе бір уақытта бірнеше үміткерге беріле алады, мұндай жағдайда сыйақы жеңімпаздар арасында тең мөлшерде бөлінеді.

Сыйақылар ҮЕҰ-ның институционалдық дамуына, ұйымның жарғылық мақсаттарына, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, ұйымның материалдық базасын арттыруға бағытталатын болады.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.

Сыйақыны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ұсынуды үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Бір үкіметтік емес ұйым сыйақыны алуға бір номинациядан артық  ұсына алмайды. Сыйақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.

Сыйақылар жыл сайын әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдарына он бес номинация бойынша беріледі.

Айта кетейік, алғашқы сыйақы келесі бағыттар бойынша тағайындалады: білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; демография проблемаларын шешу; гендерлік проблемаларды шешу және т.б.

Сыйақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында  PDF-форматта) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8 (Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.

Бұл туралы толық ақпарат ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтында танысуға болады.

 

.