Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

12 тамыз 2017

Абзал Нүкенов БҰҰ Жастар форумының шетелдік қатысушыларын Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқуға шақырды

Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Еріктілер бағдарламасының қолдауымен БҰҰ өкілдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық форум өтті.

Шараның мақсаты – жастардың бейбітшілік пен жаһандық дамуға қосқан үлесі, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жастар мен Үкімет, оқу орындары, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге назар аудару болып табылады.

 «Азаматтығына немесе ұлтына қарамастан барша жастар үшін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқу болашақты бағдарлау тұрғысынан маңызды екенін атап өткім келеді. Мақалада жазылған құнды ойлар мен ұсыныстарды ой елегінен өткізу жастардың болашақта табысты болуының маңызды кепілі болмақ», - деп атады Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов.

Шараның маңыздылығын айта келе А. Нүкенов форумда айтылған идеялар жастар саясатының халықаралық және ұлттық қатысушыларының өзара ықпалдастығын нығайтып, жастардың мүдделерін одан әрі дамытатын жаңа идеялар туындауға мүмкіндік беретінін атады.

Форум барысында Алматыдан, Қызғызстаннан, Тәжікстаннан және Өзбекстаннан іс шараға қатысушы жастар телекөпір арқылы байланысқа шығып, ынтымақтастығы мен бірлігін білдірді.

Халықаралық жастар күнінің 2017 жылғы тақырыбы - «Жастар бейбітшілікті қалайды». Бұл жастардың қақтығыстардың алдын алудағы және әлемдегі бейбітшілікті нығайтудағы бастамаларын қолдауға бағытталған.

 

.