Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

27 қантар 2017

Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

2017 жылдың 27 қантарында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың ашуымен Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің ұйымдастыру қызметі  мен құрылымын бекітуге қатысты бірқатар сұрақтар қарастырылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің Төрағалығына – қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы МБУ, Дипломатия институтының профессоры Сүлейменов Т.Ы. сайланды.

Сонымен қатар, Кеңестің қызмет бағыттары бойынша үш комиссияның құрамы жасақталып, төрағалары белгіленді.

Нәтижесінде, дін мәселелері жөніндегі Комиссияның төрағалығына «Қазақстан дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы Әбуов Айдар Парқұлұлы сайланды.

Азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі комиссия жетекшілігін Парламент Мәжілісінің IV шақырылым депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлы басқаратын болды.

Жастар саясаты мәселелері бойынша комиссия жетекшілігіне Қазақстан студенттер альянсының жетекшісі Әбілқас Мержан Завушұлы шешілді.

Сайланған Төраға мен Қоғамдық кеңестің комиссия жетекшілері Президиум құрамын қалыптастырады, сондай-ақ оның құрамына белгілі Қоғам қайраткері, «Аймақ» ЗТБ жетекшісі А.С. Соловьева енді.

Құрылымын қалыптастыру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің ережесі мен 2017 жылға арналған іс-әрекет Жоспары қабылданып, Министрліктің бекітуіне енгізілді.

Жоспарды іске асыруға Кеңес мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін бірден кірісті. Ғибадаттық үй-жайлардан тыс діни әдет-ғұрыптарды өткізу және волонтерлік қызмет мәселелері бойынша Министрлік актілерінің жобалары қарастырылып, тиісті ұсыныстар шығарылды.

Бұдан әрі Қоғамдық кеңес өз жұмысын мақұлданған Жоспар мен Ережеге сәйкес тұрақты түрде жүзеге асыратын болады.

.