Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

09 ақпан 2017

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

2017 жылы 9 ақпанда Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Орталық қызметінің өзекті мәселелері, оның жақын арадағы мақсаттары мен басым бағыттары талқыланды.

Жиналыс нәтижесі бойынша Министр бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс сапасын көтеру, шетелдік тәжірибелерді зерттеу, интернетті мониторингтеу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне және биылғы жылы өткізу жоспарланып отырған Съезд Хатшылығының XVI отырысына дайындық барысы талқыланды.

Сондай-ақ, Министр тарапынан съезаралық кезеңде Съезд Хатшылығының жұмысын белсендету тапсырылды.

Анықтама ретінде: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 2008 жылы  Мемлекет басшысының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету мақсатында құрылған болатын. Орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ (2009 ж.), IV (2012 ж.) және V (2015 ж.) съездерін дайындауға және өткізуге тікелей қатысты, сонымен қатар Съезд Хатшылығының және оның Жұмыс тобының IX-XV отырыстарының жан-жақты қызметін қамтамасыз етті.

Орталық ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылғандықтан, дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және ілгерілетуге тікелей қатысып отырады.

Орталықтың қызметкерлері республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері болып табылады және Комитеттің тапсырмасымен еліміздің әртүрлі өңірлеріне барады.

.