Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

24 сәуір 2017

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстандық Православие Шіркеуі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

2017 жылғы 24 сәуірде Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесуі өтті.

Тараптар мемлекеттік-конфессиялық қатынастың кейбір мәселелерін, сондай-ақ Елбасының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» мақаласында жарық көрген рухани жаңғыру бастамасын іске асыру бойынша ынтымақтасудың ықтимал бағыттарын талқылады.

Министр Нұрлан Ермекбаев Қазақстандық Православие Шіркеуі дін саласындағы тұрақтылықты сақтауда маңызды институт екенін ескере отырып, Министрлік Қазақстандық Православие Шіркеуімен дін және адамгершіліктегі дәстүрлі көріністерге негізделген рухани құндылықтарды сақтауға және дамытуға бағытталған іс-шараларда ынтымақтасуға дайын екенін хабарлады.

Өз кезегінде, Митрополит Александр Елбасының өмірдегі идеяларын жүзеге асыру үшін белсенді қатысуға дайын екендігін, оның айтуыншаол үшін тараптармен жасалған Келісім басты негізді қалыптастыратындығын растады.

Тараптар еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісімдегі қазақстандық моделді қалыптастыруда және халықаралық аренада әртүрлі дін өкілдерінің арасында үнқатысу мәдениетінілгерілетуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше рөлі мен еңбектерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлік пен ҚПШ арасындағы ынтымақтасудың негізгі бағыттарын, соның ішінде кез-келген діни алауыздықтың алдын алуды, діни білім беруді, тәрбиелеуді, рухани-адамгершілік ағартуды, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды бірлесіп ұйымдастыруды қамтитын Келісімге қол қойылды.

.