Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

08 мамыр 2017

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бельгия Корольдігінде жұмыс сапармен болды

Министр жұмыс сапары аясында Орталық Азия және Монғолия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының басшысы Ивета Григулемен, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Бурианмен кездесті. Сонымен қатар, сапар аясында Бельгия мұсылмандарының Атқарушы Комитетінің Президенті Салах Эшаллаумен кездесу ұйымдастырылды.

Н.Ермекбаев кездесудің қатысушыларын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шеңберінде министрлікте жүзеге асырылатын негізгі міндеттерімен таныстырды.

Еуропалық Одақ өкілдерімен екіжақты кездесу барысында сенім бостандығы, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарының даму мәселелері талқыланды.

Орталық Азия және Монғолия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының басшысы Ивета Григуле Қазақстанның азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз ету, азаматтық сектордық институттарының дамуындағы елеулі жетістікретін атап өтті. 

Дін істері және азаматтық қоғам министрі өз кезегінде конфессияаралық келісімнің, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелері бойынша Еуропалық парламентпен белсенді жемісті ынтымақтастыққа сенім артатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан «Қазақстан - Еуропалық Одақтың басты серіктесі», - дей отырып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді. Еуропалық Одақ өкілі Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.

Кездесулер барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруға үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын тарту мәселелері талқыланды.

Бельгия мұсылмандарының Атқарушы Комитетінің Президенті Салах Эшаллау Қазақстанның конфессияаралық келісім орнату тәжірибесіне, оның ішінде тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне қызығушылық танытты.

Қатысушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандығының сақталуын сақтай отырып, мемлекет пен дін арасындағы Қазақстанның өзіндік үлгісін жүзеге асыруға құқы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, кездесулердің қатысушылары деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу бойынша тәжірибемен алмасу және халықаралық терроризм мәселелерін шешуде халықаралық қауымдастықты жұмылдыру қажеттілігіне назар аударды.  

.