Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

30 шілде 2017

Вице-министр Абзал Нүкенов «Габон Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты

Бүгін ҚР  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде «Габон Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты.

ҚР  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов құттықтау сөзінде Габон елінің өкілдеріне осындай ауқымды көрмеге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіретінін жеткізді.

«Көрменің тақырыбы халықаралық қауымдастықтың назарын энергия тұтыну проблемасына аударады, өйткені бұл планетамызға күн сайын мейлінше әсерін тигізіп отыр» – деп атап өтті вице-министр.

 

«ЭКСПО-2017» Қазақстанның энергияның қайта жаңғыртылған көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер мен перспективаларын, экологиялық тазалық пен қоршаған ортаны қорғаудағы артықшылықтарын жария етеді.

Габон Республикасының Павильоны барлық келушілерді өз елінің таңғажайыптарымен, оның тарихымен және сан түрлі мәдениетімен таныстырады.

Салтанатты іс-шара барасында вице-министр А. Нүкенов Габон Республикасының Энергетика министрлігінің жаңартылған энергия көздері бойынша өкілі Божан Нанг Нгомомен, энергетика саласындағы сарапшы Нэлли Эльвин Кенгуемен, сонымен қатар, Габондағы инвестицияларды ілгерілету бойынша ұлттық агенттігінің Бас директоры  Нина Алида Абунамен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екі жақты қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, екі елдің арасында Дипломатиялық қарым-қатынастар 2009 жылғы 25 мамырда Дамаскідегі (Сирия) СМИД ОИК  36-шы сессиясы жұмысының аясында орнатылған болатын.

.