Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

09 тамыз 2017

Вице-министр Абзал Нүкенов «Гвинея Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты

ҚР  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Гвинея Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты.

Вице-министр Абзал Нүкенов «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін Гвинея Республикасына алғыс білдірді.

  Мұндай ауқымды көрме – бір ғана мемлекеттің еңбегі емес, бұл – өз жетістіктерін Астанада көрсетіп жатқан халықаралық қауымдастықтың ерен еңбегінің жемісі.

 «ЭКСПО-2017» Қазақстан үшін маңызды оқиға. Мұндай халықаралық көрме Орталық Азия елдерінде және посткеңестік кеңістікте бұрын-соңды болмаған. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін Астанада өткізу біздің еліміз үшін аса жауапты және мәртебелі миссия» – деп атап өтті А. Нүкенов.

Гвинея Республикасы – пайдалы қазбаларға бай және керемет табиғаты бар ғажайып мемлекет. Гвинея павильоны барлық қатысушыларды және келушілерді осы тамаша елмен, оның тарихымен және әралуан мәдениетімен, саяси және экономикалық дамуымен, сондай-ақ қайта жаңғырмалы энергияны дамыту саласында қабылданған шаралармен таныстырады. 

Іс-шара барасында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов Гвинея Республикасының сауда Министрлігі аппартының басшысы Балла Допавоги және  Буркина-Фасо секцияның комиссары Баунди Джибрильмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екі жақты қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, биылғы жылы 4 сәуірде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды.

.