Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жарияланымдар

18 тамыз 2016

«Аbai.kz» ақпараттық порталы «Теріс ағым орға жығады» Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы Ақтөбе облысыдін істерібасқармасының басшысы

«Теріс ағым орға жығады»

Алдымен, «Жат ағымдар дегеніміз не?, олар қалай пайда болады?» деген сұрақтарға тоқталып кетер болсақ,жат ағымдар дінге бет бұрушы адамдардың білімдері жеткіліксізтіктен туындайтындығын айтқым келеді.

Айтарлық, қазіргі таңда елімізде 18 конфессия бар болса, олардың екеуі, яғни ислам дінінің «Ханафи» мазхабы мен христиан дінінің православтық бағыты біздің халқымызға жақын болып келеді. Бұл туралы 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының өзінде де «...ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады тек осы екі бағытқа тән қасиеттерді ескере отырып негізге алынған» делінген.

Сол 18 конфессия діндарларының70 пайызы ислам дініне сенеді, Аллаға, Құранға, Мұхаммед пайғамбарымызға с.ғ.с. сенеді. Сондықтан ислам дініне сенушілердің өздерін бөлек алып қарайтынболсақ, ішінара ораза ұстайтыны бар, ұстамайтыны бар, намаз оқитыны бар, оқымайтыны бар, қажылыққа барғаны бар, бармағаны бар, дін мен дәстүрді сабақтастырып, мысалға келтірер болсақ жеті нан пісіретіні бар, пісірмейтіні бар, бейітке барушылар, бармайтындар секілді бөліне береді. Ал енді, өзін мұсылманмын деп есептейтін жамағаттың ішінен намаз оқитындарын бір бөліп алып қарап көрелік. Жалпы ислам дінінде «Ханафи», «Ханбали», «Шафиғи», «Малики» деген, әлем ғалымдары мойындаған 4 мазхаб болса, соның ішінде дін мен дәстүрді байланыстырған «Ханафи» мазхабы біздің халқымыз, жалпы түркі тектес халықтар ұстанатын бағыт болып табылады.

Ал қалған мазхабтарды айтар болсақ, мысалға «Шафиғи» мазхабы тау халықтарына, «Ханбали» мазхабы Сауд Арабия мемлекетіне, «Малики» мазхабы Солтүстік Африка елдеріне тән.

Дегенмен де, қазіргі таңда жоғарыда аталып өткен 4 мазхабты мойындамайтын діндарлар да кездесіп жатады. Олардың пайымдауынша, намазды Мұхаммед пайғамбардың с.ғ.с. сүннетімен оқу керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының нұсқаған ғибраттарын орындамай, мешіт имамдарына бағынбай жат қылықтар көрсетіп жатады.Осы фактілердің өзі дәстүрлі «Ханафи» мазхабына жат, теріс болып шыға келеді.

Тағы бір мысал келтіріп кетсек, қазақстандық суретші әрі жазушы Ералы Оспанұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері» кітабының өзінде дәстүрі мен діні сабақтасқан қазақ халқының жеті шелпек пісіру, садақа беру, шілдехана, бет ашар, үлкендерге келіннің сәлем салуы және т.б. сынды салт-дәстүрлерінің арасынданамаз оқу, ораза ұстау, зекет беру секілді діни рәсімдері де көрсетілген. Бұл дегеніміз ислам діні шариғатының қойған талаптары мен тәртіптері қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлерімен біте қайнасқанының бір дәлелі емес пе?!Ал, осыны мойындамай, дінге бет бұрғалы салты мен дәстүрін жоққа шығарып, адасып жүрген діндарларымыздың ұстанған жолы «Ханафи» мазхабына жат екендігін тағы бір мәрте көрсетеді.

Елімізге, халқымызға жат ағымдардың жолына түсіп кетудің астында діни білімнің таяздығы жатыр. Бұл дегеніміз - бұрыс бағытты ұстанып, дәстүрін мойындамай жүрген азаматтарымыз бен азаматшаларымызға шариғат пен салт-дәстүрді байланыстырып тұрған хадистер мен аяттар жетпегендігі немесе діни білімді беріп отырған адам айтпағандығы. Осы ретте айта кететін жағдай білімін шет елдерінен ұштағысы келетін адамдарға қазақтың салты мен дәстүрі туралы еш ақпарат берілмейді. Әрине, бұл туралы егжей-тегжейлі өзіміздің жоғары оқу орындарымызда, медреселерде, мешіт жандарынан ашылған курстарда айтылады. Ал, шет елдерінің ғалымдары бұрын соңды қазақ еліне келмеген, қазақы дәстүрлерді көрмеген дін мен дәстүрдің сабақтастығын үйрете алады ма?!

Бүгінде жастарымыз, әрине жақсы білім алып келем деумен, шет мемлекеттеріне барып, оқып келуге құштар болып келеді, интернет кеңістігінен белгісіз оқу орындарын тауып алып, кетіп қалады да.Осы себепті құзырлы органдар жастарымыздың шет елдерінде білім алуларына  қарсы болып жатады.

Сондай-ақ, діни білімнің аздығынан туындаған жат ағымдарды өз мақсатында пайдаланатындар бар. Діннің құндылықтары біреудің жеке мақсатында қолданылғаннан кейін, ол жерде ақиқат ізделмейді. Сондықтан ол нәрсе орға әкеліп жықтырады.

Мәселен, дінге бет бұрғысы келген адам діни ағымдарды жеке мақсатында пайдаланатын азаматтардың үйретуіне түссе, мемлекетке, қоғамқа қарсы қояды. Дінге сенуші жамағат арасында екі жақты ой, түсініспеушіліктер пайда болады. Мұдай фактілер орын алып жатқан соң халық арасында бірлік болады ма?! Намаз оқымаған адамдарды «кәпірге», жасаған нәрселерінің барлығын «харам» санап, теріс жолға түскен адамның тыныштығы бұзылып, қоғамда өз орнын таба алмай «хижра» жасаймын деп, Сирия, Ирак мемлекеттеріне қоныс аударып, қарулы қақтығысқа тап болады. Барған соң, қателіктерін кеш түсініп, елге қайта алмай қиналып жатады.

Адамдарды алдап, арбап, өз мақсаттарында пайдаланғысы келетін ұйымдардың бірі – «ДАИШ» ұйымы болып табылады. Әлемнің 120-дан астам мұсылман ғұлама ғалымдары мойындамаған бұл ұйым шынайы ислам діні емес. Ол жерлерде болып жатқан неше түрлі қанды оқиғалар,Мұхаммед пайғамбарымыз с.ғ.с. кезінде болмаған сорақы нәрселер орын алуда. Атап айтсақ, ислам дініне қарама қайшы «онлайн жиһад», «жыныстық жиһад», және «кәпірлермен жиһад» деп адамдарды адастырып, қарапайым халықты қырып жоюда.

Ислам діні ешқашан зорлық-зомбылыққа үндемейді. Керісінше, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қолымен де, тілімен де басқаға зиян тигізбеген мұсылман нағыз мұсылман» деген сөздері дініміздің ізгілікке бастайтынын көрсетеді.

Қазіргі таңда жат діни ағымдардың жетегіне берілген ақпаратты қабылдау қабілеті жоғары 16-30 жас аралығындағы адамдар еріп кетеді. Ақпараттық технолигияның нағыз дамыған заманында неше түрлі әлеуметтік желілер арқылы келіп жатқан дұрыс емес ақпараттар легі өз әсерін тигезбей қоймайды. Интернет желісінде көп отыратын ол, әрине, жастар.

Мүмкін мектеп жасынан мектеп қабырғасынан бастап «дінтану негіздері» пәні негізгі пән ретінде енгізілсе, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін бала жастайынан ажырата алар еді.

Сондықтан да, кез келген біреудің айтқанына сене бермей, ақпаратты сенімді дерек көздерінен, яғни Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңресми сайттарынан, мешіттерден іздеуге немесе діни білімін шыңдаушылар отандық  «Нұр Мүбарак» университетінде, Қ. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде білім алуға болатындығын жастардың естеріне салғым келеді.

Қоғамдағы өз орнымызды алып, ел халық арасында бүлік шығарушы емес, бірлікке шақырушы, дәстүрін жала жауып ширкке апарушы емес, Құран-хадистен дәлел тауып ақтаушы, өзге елдің киімін емес, қазақы киім үлгілерді жақтаушы, мен ғана тура жолдамын деп өзін ғана дара тұтатын емес, мен де насихатқа мұқтажбын деп өзіне есеп беріп, жан-жағына нұр шашатын үмбет болайық!

Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы Ақтөбе облысыдін істері басқармасының басшысы

.